ХАЛЫҚ НАЗАРЫНА

«Сәтбаев қаласының архиві» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 57 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сүйенеді.

Архивтік анықтама – заңдық күші бар, құжаттық деректерді көрсете отырып, сұратудың тақырыбы туралы ақпаратты қамтитын ресми құжат.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш берушілер) көрсетіледі. Ол мемлекеттік архивтік мекемелердің кеңсесінде құжаттардың тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда мемлекеттік архивтік мекеме басшысы, болмаса уәкілетті тұлға өтінішті қарау мерзімін отыз жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін, ол туралы 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады. Архивке өткізілетін анықтамаларға келесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтер жатқызылады: жұмыс өтілі, жалақы мөлшері, білімі, азаматтық және әкімшілік істер, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуы, азаматтық хал актілерінің құжаттары.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліс.

Биылғы жылдың І- тоқсаны бойынша қалалық мемлекеттік архивке 500 өтініш түсіп, орындалды. Оның ішінде жеке тұлғадан – 266, заңды тұлғадан – 234.

Өтініштер тек Қазақстан Республикасы азаматтарынан ғана емес, көрші елдерден де келіп түседі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Көрсетілген қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға жүгінген кезде жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, өтініштерді беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да жүргізіледі. Архивтік анықтама, архивтік көшірме өтінушіге жеке қабылдау кезінде беріледі, болмаса пошта немесе электронды түрде жіберіледі.

Біздің мекен-жайымыз: Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 111 үй, 3-і қабат, 59 кабинет, тел: 3-74-36.

Электрондық поштамыз: arhivsatpaev@mail.ru.

Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві.

Комментарии закрыты.