Саяси кеңестің отырысы

Апта басында «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы саяси кеңесінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Отырысты қала әкімі, филиал төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді. Күн тәртібіне «Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы қызметі кандидатурасын келісу» және «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі қызметі кандидатурасын келісу» туралы мәселелер шығарылды. Қалалық мәслихаттың депутаттарының барлығы да «Нұр Отан» партиясынан ұсынылғандар болғандықтан I-сессияда қаралатын мәселелердің кейбірі осы кеңес отырысында алдын ала талқыланды. «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев кеңес мүшелерін түскен ұсыныстармен және Қаулының жобасымен таныстырды. Саяси кеңестің ұйғарымы бойынша қалалық мәслихаттың хатшылығына депутат Серік Имамбай ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. «Нұр Отан» ХДП-ның мәслихаттағы фракциясының жетекшісі болып депутат Айгүл Төлендина сайланды. М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.