Нәпсіңді күзет,өзіңді түзет!

Мамыр айының 6 күні қасиетті Рамазан айы басталды. Әлемдегі исі мұсылман қауым бір айға бес парыздың бірі – Ораза ұстап, ауыз бекітті. Исламдағы ұлық мерекеге орай «Казэнергоцентр» ЖШС Сәтбаев қаласындағы филиалы ауызашар жасады.

Құранның алғашқы аяттары түскен Рамазанда тозақ есіктері жабылып, шайтанның аяғы кісенделеді. Осы ұлық айда мұсылмандар Алланың разылығы үшін ауыз бекітіп, нәпсісін күзетіп, өзін түзетуі тиіс.

– Адамзат баласының ақ тілегін Алла қабыл етіп, ой-мақсаттарының тоқтаусыз орындалуына себепкер болатын жақсы айда біз қолымыздан келгенінше жақсы істер, ізгі амалдар жасауымыз қажет. Барлығыңызды мұқтаж жандарға қолұшын беруге шақырамын. Алла тілектеріңізді қабыл етсін! – деген Кеңгір мешітінің имамы Мәди Мұратұлы Құран оқып, уағыз айтып, Оразаның мол мүмкіндіктері мен нығыметіне, қадір-қасиетіне тоқталды.

Қасиетті ай келесі айдың төртіне дейін жалғасады. Оның соңы ұлық мереке Ораза-айтқа ұласып, көрші-қолаң, ағайын-туыс айтшылайды. Оған дейін мұқтаждарға пітір-садақа берілуі тиіс. Пітір-садақаның көлемі биыл үш жүз теңге болып бекітілген. Сондықтан, сауапқа сауап қосам деушілер, садақа беруге асығайық.

Комментарии закрыты.