Тәртіп сақтау – талайдың ісі

Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында түрлі құқықбұзушылықтар орын алуда. Әр заңға қайшы жасалған әрекет алдында әкімшілік жауапкершілік тұр. Ал, ұрлық, тонау, бопсалау жасалған болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өткен аптада қаламыздағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіп және құқық» тақырыбында полиция инспекторымен кездесу өткізілді.

Кездесуге Сәтбаев қалалық ПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторы Медет Сейтмағамбетов шақырылды. Полиция қызметкері мектеп оқушыларына еліміздің құқықтық мемлекет екендігін баса айтып, оның басты байлығы адам болып табылатынын ескертті. Сол себепті, белгіленген тәртіпті бұзушыға заң алдындағы жауапкершіліктің бары ескертілді. Тәртіп сақшысы қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелерін түсіндіріп, құқықтық ақпарат берді. Мәселен, түнгі уақытта заңды өкілсіз, яғни ата-анасыз жүру, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау, қылмысқа итермелейтін әрекетке бару заң алдында жауапкершілік жүктейді. Инспектор ҚР әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық Кодекстерінде көрсетілген жауапкершіліктер жайында терең әңгімеледі. Кездесу барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты викториналық сұрақтар қойылып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

Әли МҰҢАЙТПАС.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.