Кеншілер қаласында Елтаңба авторы

Өткен аптаның бейсенбісінде кенді қалаға арнайы сапармен ҚР елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков келді. Мемлекеттік рәміз авторы шаһардағы Достық үйінде болып, мәдениет ошағының жұмысымен танысты. Құрметті қонақ қаланың белсенді азаматтарымен кездесіп, ел тарихындағы елеулі оқиғалар туралы сыр шертті.

Мәжіліс залында жиналған қауыммен кездескен мәртебелі мейман Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» мақалаларының мазмұнына тоқталып, маңызын айшықтады. Ел руханиятына елеулі үлес қосқан Жандарбек Мәлібекұлына жиынға қатысушылар қазақ тарихына қатысты толғандырған сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина қонаққа естелік сый тарту етті. Ал, мейман Достық үйінің кітапхана қорына ҚР елтаңбасы туралы құнды кітап сыйлады. Кездесу соңында қатысушылар тарихи тұлғаның қолтаңбасын алып, естелік суретке түсті.

Әли МҰҢАЙТПАС.

Комментарии закрыты.