Мерейлері үстем болды

Биыл тәуелсіздіктің символына айналған мемлекеттік рәміздерге – 27 жыл. Мемлекеттік нышандар — еліміздің егемендігін айқындайтын жарқын бейнесі. Сол себепті де баршамыз үшін қастерлі мереке. Айтулы датаға орай 4 маусым күні Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшылары, қала жастары қатысты.

Мереке шымылдығы ҚР мемлекеттік рәміздерін ортаға әкеліп, мемлекеттік әнұранның орындалуымен ашылды. Одан әрі салтанатты жиын барысында Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, өз саласында қосқан зор үлесі мен қол жеткізген табыстары үшін жеке кәсіпкер, меценаттар клубының төрағасы Меруерт Бақбергенова мен Сәтбаев қаласының «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Зухраб Дауымбаевты облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұдан соң Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчук сөз алып, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғамды құру ісіне жеке еңбек және шығармашылық үлесі үшін Сәтбаев қаласы ПБ штабының аға инспекторы Айна Атабаеваны, «Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің бас маманы – Мемлекеттік бақылау жөніндегі Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік инспекторы Гульмира Назарбекованы, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Ақерке Сейлованы, Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің инспекторы Дәулет Сейтбековті жəне «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қарлығаш Тулегенованы Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Жиын барысында қала жастарының атынан сөз алған Жасұлан Нұрмұқан мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екенін тілге тиек етсе, №16 жалпы орта мектеп түлектері патриоттық үгіт-насихат жұмыстарын көрсетті. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламамен тəмамдалды.
Алтынгүл Төлегенова.

Комментарии закрыты.