Тиімділігі мол жоба

1-5 маусым аралағында қала аумағында Полиция бөлімінің тікелей араласуымен республикалық жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алуда жедел алдын алу шарасының тиімділігі мол.

– Қазіргі заман талабына сай, азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, жол қозғалысын бақылау, жедел іздестіру шараларын жүргізу сияқты маңызды мәселелерді шешуге жол ашады. Мәселен, осы жоба барысында жалпы тұрғындардың қауіпсіздігі жөніндегі шаралар дамытылды, – деді Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Ж.Жүнісов.

Шара барысында есепте тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен мерзімінен бұрын босап шыққан азаматтар, ерекше талап қойылған жайсыз отбасылар, қару иелері, көші-қон полициясының жұмысы бойынша уақытша келген мигранттар мекен-жайы бойынша тексеріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Еріктілер де осы шараның жүзеге асуына белсене атсалысты.
Полиция мүлік қауіпсіздігі жөнінде шараларды күшейте түсуде. Тұрғын үйлердің маңында күзетілетін автотұрақтар ұйымдастыру, көліктерді автодабылмен жабдықтау, пәтер ұрлығын азайту мақсатында домофондар мен кодталған құлыптар орнату жұмысын жүзеге біртіндеп асырып келеді. Алдағы уақытта бейнебақылау жүйесі дамымақ.

Мира ШАХАТ.

Комментарии закрыты.