Қуанышқа бөленді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ұлытау Mall» сауда үйінде орналасқан «Балапан» ойын-сауық орталығы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

– Еліміздің ертеңі осы жас ұрпақтың қолында. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіруге барлығымыз ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Бала бақытының шынайы бағбаны болуға тырысқанымыз жөн. Осыдан барып тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Олар бізге қарап өседі ғой. Бүгінгі қайырымдылық шарасы осындай ниеттен туды, – деген кәсіпкер Ә.Еңсебаев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отыз бүлдіршінге сыйлық жасады. Асыр салған балалар тәтті-дәмдімен шәй ішіп, тарту-таралғыға ие болды. Оның ішіндегі ерекшесі орталыққа тағы да келуге мүмкіндіктің туғандығы. Тегін сертификатқа ие болған балақайлар қуанышқа бөленді. Жүздері бал-бұл жанып, алғысын білдірді.

Мира ШАХАТ.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.