Жаңа мейрамхана ашылды

Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде заманымыз түзеліп, халықтың тұрмысы да жақсарып келеді. Осының дәлеліндей қаламызда соңғы жылдары әсем ғимараттар, оның ішінде сауда орындары мен мейрамханалар бірінен соң бірі ашылуда. Осындай кәсіпкерлік нысанның бірі – қаламыздың қақ ортасынан орын алған «Мұрагер» ойынсауық кешені.

Жеті ай бойы үздіксіз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, міне, өткен жұмада мейрамхананың ашылу салтанаты өтті. Оған қала әкімінің орынбасары А.Ким, қалалық әкімдіктің өкілдері, мейрамхана иелерінің туғантуыстары қатысты. Әкім орынбасарының құттықтау сөзінен кейін, тойхана иелері Құрманғазы Жағыпаров пен Гауһар Оразбаева сөз сөйледі.

– «Асыл Мұра» мейрамханасының жалғасы болсын деп біз бұл «Мұрагер» мейрамханасын аштық. Бұл қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыратын, 300 адамға арналған мейрамхана. Осы тойхананы ашу арқылы біз 25 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Жалпы, бұл тойхана халықтың көңілінен шығады деген үміттеміз, – деді Гауһар Тұяққызы.

Мейрамхананың ашылу салтанатына шақырылған қонақтар жаңа ғимараттың дизайндық талғамына жақсы баға беріп жатты. Ашылу салтанаты мейрамхана иелерінің өткізген кішігірім тойына ұласты.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.