Қос шырша мен қарағай – түлектер сыйы

Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп, «Туған жер» атты тұтас бағдарлама ұсынған болатын. Мұнда жер тарихы, мәдениетіне ерекше мән беріліп, оның өсіп-өркендеуіне қатысты бірқатар шешімдер атап көрсетілген. Солардың бірі – туған өлкеге қамқорлық жасау.

Бұл ретте қаламыздағы №27 мектептің түлектері игілікті істен көрінді. Білім ордасын жиырма жыл бұрын тәмамдаған түлектер мектеп алаңын көгалдандыруға елеулі үлес қосты. Өлкенің өркендеуіне бей-жай қарамаған азаматтар соңғы қоңырау мерекелік салтанатында мектеп ауласына шырша мен қарағай ағаштарын отырғызды. Көк өскіннің көктей өсуін тілеген білім мекемесінің 1999 жылғы түлектері осылайша туған жерді абаттандыруға өз үлестерін қосып, кейінгі түлектерге үлгі көрсетті.

Әли МҰҢАЙТПАС.

Комментарии закрыты.