Тартысты өтті
Оңтүстік Жезқазған кенішінде шағын футболдан «Жастар – Болашақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дода тартысты өтті.
Кеніш директорының кубогы үшін №65 басқарма, №65 БИС, №45 шахтасынан бес команда сынға түсіп, кеншілер арасында салауатты өмір салтын насихаттады.
Нәтижесінде №65 БИС құрамасы бірінші, №45 шахта командасы екінші, №65 басқарма үшінші орынға ие болып, қалған командаларға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Сонымен қатар, №2 учаске бұрғылаушысы (45 шахта) М.Тойеке «Үздік шабуылдаушы», №25 учаске жүргізушісі (№65 БИС) К.Әбеуов «Үздік қорғаушы», №7 учаске шебері (№65 БИС) Ж.Бердіқожа «Үздік қақпашы» номинациясына лайық деп танылды.
Мира ШАХАТ.