Ас үйде балаңыз кедергі жасамасын десеңіз

Тез арада кешкі ас дайындауыңыз керек. Бірақ, балаңыз етегіңізге жармасып, мүмкіндік берер емес. Мұндайда не істеуге болады? Әлбетте, баланы қасыңызға алыңыз. Ол да азық-түліктермен өз бетінше айналыссын.

Асхана ойындары: Моншақ жасау
Тесік көздері бар, түтікше тәрізді әртүрлі макарондарды алыңыз. Балаға жіп немесе бауды беріп, кеспелерден моншақ жасауды көрсетіңіз. Анасына, әжесіне арнап, білезік пен алқа жасауды тапсырыңыз. Оларды жіпке тізу үшін бала көп уақытын жұмсайды.
Сапыру
Баланың қолына кішкене кәстрөл мен түрлі өлшемдегі шөміштерді беріңіз. Алдына су өткізбейтін алжапқыш тағып, шашыраған суды сүртетін шағын майлық қойыңыз. Нәтижесінде 20 минут бос уақыт табасыз.
Көңіл көтеру
Жиынтықтар қатарына бұршақ, макарон, дәнді-дақылдар, аскөк, ақжелкен сияқты табиғи өнімдер мен ермексазға арналған пышақты қосыңыз. Оның өз бетінше көңіл көтеруіне мүмкіндік беріңіз. Оған қарап өзіңіз де жадырап қаларыңыз анық.
Көңілді кесінділер
Мұндайда тәрелке мен тәтті нандардарды кесуге арналған әртүрлі пішіндегі темірлер қажет. Сондай-ақ сэндвичке арналған нан, жұқа кесілген ірімшік, қияр тілімдері де керек. Олардың көмегімен балаға бутерброд жасауды көрсетіңіз. Осылайша сәбиіңіз анасына, әкесіне және өзіне арнап жасаған жұлдызшалары мен жүрекшелеріне мәз болып отырсын.
Ұнтақ жармасы
Жалпақ табақ немесе үлкен ыдысқа көптеп ұнтақ жармасын төгіңіз. Оны тегістеп жайып, баланың қиялына ерік беріңіз. Саусақпен сурет салсын, бетін дәнді дақылдармен безендіріп немесе оларды көміп қойып, сүзгішпен қайта тауып алсын. Ұнтақ үстінен ұзақ жолдар салып, кішкене көліктер мен шағын адамдарды ойнатсын.

Комментарии закрыты.