Сәтбаев қаласының әкімі Б.Қ.Шыңғысовтың тұрғындар алдындағы есебі

Мерейлі жылды табысты аяқтадық

ҚҰРМЕТТІ СƏТБАЕВТЫҚТАР!

Өткен жыл еліміздің тарихында маңызды оқиғалармен айшықталды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу болды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кезектен тыс сайлаудағы жеңісі былтырғы жылдың басты саяси оқиғасына айналды. Қазақстан халқы, оның ішінде сəтбаевтықтар да республикамыздың одан əрі көркеюіне сондай қажетті ынтымақтастығы мен бірлігін тағы да дəлелдеді.
Жалпы, 2011 жыл Сəтбаев қаласы үшін жемісті жыл болды. Жыл басынан бастап қалалық əкімдіктің жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру арқылы қаланы одан əрі дамытуға жəне сəтбаевтықтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталды. Бұл құжат ел дамуының жыл сайынғы кезеңінің басталу межесіне ғана айналған жоқ, сонымен қатар 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары аясында келер жылдарға арналған міндеттерді айқындады. Қазіргі таңда Сəтбаев қаласы көптеген көрсеткіштер бойынша оң нəтижелерге қол жеткізіп отыр.
Ендігі уақытта бізге осы көрсеткіштерді одан əрі жақсартып, Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы берген тапсырмаларына сай жұмыстар атқару. Өз Жолдауында Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың жəне халықтың əл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері екендігін атап айтты. Өңірлік саясатта экономикадағы келешегі зор салаларға негізгі ден қойылады. Елімізде жаңа зауыттар салынып, жаңа жұмыс орындары құрылады, əлеуметтік инфраструктура дамытылады. Биылғы Жолдаудың Қарағанды облысы үшін, əсіресе, Жезқазған, Сəтбаев қалалары үшін маңыздылығын атап өту қажет. Шағын қалаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы əзірленеді. Мұның тыныс-тіршілігі бір үлкен кəсіпорынға тəуелді болып отырған біздің Сəтбаев сияқты қалаларға қатысы бар.
2012 жылы қаламызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі азықтүлік түрлеріне бағаны тежеу жəне басқа да шаралар бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілмек. Дамыған өнеркəсібі, кəсіпкерлік жəне қаржылық құрылымдары мен дамыған коммуникациялары бар Сəтбаев қаласы жергілікті атқарушы органдардың, бизнес құрылымдардың жəне халықтың бір арнаға тоғысқан еңбегінің арқасында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады деп сенемін.

ЭКОНОМИКА

Атқарушы билік органдарының экономиканың нақты секторын дамыту бағытында атқарған жұмысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сəтбаев қаласының аумағында экономиканың нақты секторының 5 кəсіпорны жұмыс істейді. Олардың төртеуі «Қазақмыс» Корпорациясының кəсіпорындарында тау-кен техникасына сервистік қызмет көрсетсе, біреуі нан өнімдерін шығарады. 2011 жылдың шілде айынан бастап экономиканың нақты секторындағы кəсіпорындардың қатарына осыған дейін «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдық бөлімшесі болып келген «VIP SHINA» ЖШС қосылды. Кəсіпорын тау-кен көлігі техникаларының істен шыққан ірі дөңгелектерін қалпына келтірумен айналысады. Аталған кəсіпорында 64 адам жұмыс істейді. Осылайша, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндірілген өнімнің көлемі жеке кəсіпкерлікті қоса алғанда 5087,6 млн теңгені құрады.
2011 жылы мемлекеттік бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспардағы 1867,8 млн. теңгенің орнына 1959,2 млн. теңгені құрады. Жергілікті бюджетке жоспар бойынша 1078,0 млн. теңгенің орнына 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1097,2 млн. теңге яғни 101,8% кіріс түсті. «Салықтық түсімдер», бұрынғысынша, қала бюджеті кірістерінің негізгі жəне тұрақты бөлігі болып табылады. Кірістің бұл тобы бойынша жоспарлық көрсеткіш 100%-ға орындалды. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына шығыстар сомасы 3683,7 млн. теңгені немесе жоспардың 98% құрады. Қалада еңбекақы бойынша қарыз жоқ. 2011 жылдың 12 айы ішінде жоспарланған 50 жұмыс орнының орнына барлығы 11 4 жұмыс орыны құрылып, бұл көрсеткіш жоспардағыдан 2,3 есе артты. «Евротехсервис К» ЖШС-не 50 адам жұмысқа қабылданды, тағы 64 адам «VIP SHINA» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды.

ШАҒЫН КƏСІПКЕРЛІК ЖƏНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қала кəсіпкерлері жеке бизнестерін кеңейтумен белсенді түрде айналасуда, олар өз бизнестерін банктік несиелер жəне микронесиелер жолымен инвестициялауда. 2012 жылдың 1 қаңтарына қала бойынша барлығы 1878 шағын бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде белсенділері – 1121 немесе барлық тіркелгендердің 60%. Шағын кəсіпкерлікте 4140 адам жұмыс істейді.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын жəне орта бизнесте өндірілген өнімнің көлемі жоспар бойынша 3844,0 млн. теңгенің орнына 3852,4 млн. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрап отыр.
Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысында инфляцияны тежеуге, оның ішінде бірінші сұрыпты ұн жəне нан, тұз, қант, күнбағыс майы жəне т.б. əлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағасын тұрақтандыруға едəуір көңіл бөлінді.
Қаламыздың азық-түлік қауіпсіздігін одан əрі нығайтуға «Негізгі азық-түлікке көтерме сауда бағасынан 10 %-дан артық үстеме қоспау туралы» жергілікті кəсіпкерлермен жасалған меморандумдар өз септігін тигізді. 2011 жылы барлығы 147 осындай меморандумға қол қойылды. Өткен жылы сауда орындары мен базарлардағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында бакалеялық жəне ет өнімдері мен жеміс-жидектерді сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15,0 млн. теңге бөлінді. 2011 жылғы картоп жəне жуа өнімдерінен 120 тонна картопты 50 теңге бағасымен, 61,5 тонна жуаны 65 теңге бағасымен қамтамасыз ету үшін «Адамас СНА» ЖШС-мен жəне 8,08 тонна етті 650 теңге бағасымен қамтамасыз ету үшін «Бураханов» фермерлік шаруашылығымен фючерстік келісім-шарттар жасалды. Аталған тауарлар апта сайын жəрмеңкелерде мынадай бағалармен сатылады: картоп – 50 теңге, жуа – 65 теңге, қырыққабат – 50 теңге, сəбіз – 60 теңге, күріш – 120 теңге, сиыр еті – 800 теңге, қой еті – 700 теңге жəне жылқы еті – 900 теңге. Сонымен қоса, қазіргі таңда «Агро Консалтинг К» АҚ арқылы 187 510 кг. картоп, 66 850 кг. жуа, 19 300 кг. сəбіз, 3000 кг қарақұмық, 3000 кг күріш, 3000 кг. қант жəне 1108 кг. ет өнімдері сатып алынды. Қаламызда 1 коммуналдық базар, 1 əлеуметтік дүкен жəне 5 əлеуметтік қатарлар жұмыс істеуде.
Қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудің тағы бір тиімді жолы жыл бойы өткізіліп келген дəстүрлі ауыл шаруашылығы жəрмеңкесі. Жəрмеңкеге қатысушылар тауар құнын бөлшек сауда жүйелерінен 15-20%-ға дейін төмендетіп сатуы үшін əр түрлі төлемдерден босатылған. Өткен жылдың 12 айында барлығы 48 жəрмеңке өткізіліп, сатылған тауардың көлемі 264 млн. теңгені құрап, тұрғындардың 52,8 млн. теңге қаражаты үнемделді. Сəтбаев қаласы əкімінің бекіткен кестесіне сəйкес қазан айының 22-сі мен 29-да жəне қараша айының 5-де Ұлытау ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Ауыл Береке — 2011» жəрмеңкелері өтті. Жəрмеңкеге Ұлытау ауданының 7 ауылдық округі қатысты.
Өткен жылы барлық негізгі көрсеткіштер орындалып, ауыл шаруашылығы саласы да жақсы нəтижелерге қол жеткізді. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімі 2011 жылдың қаңтаржелтоқсан айларында 336,2 млн. теңгені құрады.

ƏЛЕУМЕТТІК САЛА

Былтырғы жылы жергілікті атқарушы билік органдарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі тұрғындарды əлеуметтік қорғау, халықтың аз қамтылған жігін қолдау, жұмыссыздық деңгейін төмендету болды. Қабылданған шаралардың нəтижесінде тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 27 % құрады. 2012 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылғандар саны 141 адамды құрады. Яғни 53 адамға қысқарды.
2011 жыл бойы барлығы 3194 адам жұмысқа орналастырылып, бұл көрсеткіш жоспардан 6%-ға артты, қоғамдық жұмыстарға жоспардағы 850 адамның орнына 870 адам жіберілді. Жаңа мамандық алып, біліктіліктерін жоғарылатқандар саны жоспар бойынша 230-дың орнына 233 адамды немесе 101 %-ды құрады.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атаулы əлеуметтік мемлекеттік көмек барлығы 2750,0 мың теңге көлемінде 141 адамға, тұрғын үй жəрдемақысы 14 отбасыға (28 адам) 130,0 мың теңге көлемінде көрсетілді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балалары бар 242 отбасының 505 баласына 4500,0 мың теңге көлемінде жəрдемақы төленді.
Қала халқына қолайлы жағдайлар жасап, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында біз бар мүмкіндіктерді жасаудамыз. Үйде əлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қаламыздың 270 жалғызбасты қарттарына жəне 144 диагноздарында шектеулер бар балаларға көмек көрсетуде.
Өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаев қазақстандықтарды жұмыспен қамтуды алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Бұл — оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін құру, ауылдық жердегі кəсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру. 2011 жылы Сəтбаев қаласында «Жұмыспен қамту — 2020» үкіметтік бағдарламасын іске асыру табысты басталғандығын естеріңізге саламыз. Аталған бағдарламаны іске асыру аясында бірінші бағыт бойынша 56 адам қайта даярлауға жолданып, бағдарламаның 51 қатысушысы біліктіліктерін жоғарылатты, олардың 20-сы Сəтбаев қаласының №3 кəсіби лицейінде, 5-і Жезқазған қаласының медициналық колледжінде, 11-і Жезқазған қаласының политехникалық колледжінде жəне 20-сы Жезқазған қаласының №9 кəсіби лицейінде оқыды. Бекітілген жоспар 100 %-ға орындалды. Олардың ішінде 44 адам жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарттарға сəйкес жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның басқа қатысушыларын жұмыспен қамту мəселесі қала басшылығының тұрақты назарында.
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жұмыс 2012 жылы басталады. Жұмысты одан əрі жалғастыру үшін «Сəтбаев қаласының ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімі» жəне «Сəтбаев қаласының кəсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен алдын-ала жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы жұмыссыздар мен аз қамтылғандар арасынан 5 азаматқа жалпы сомасы 7,5 млн. теңгені құрайтын шағын несие беру көзделіп отыр.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша Сəтбаев қаласында жалпы құны 302573,2 мың теңгені құрайтын бір 48 пəтерлі жəне бір 18 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 18 пəтерлі үйдің құрылысы аяқталып Тəуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында иелеріне пəтердің кілттері тапсырылды, ал 48 пəтерлі үйдің құрылыс жұмыстары 2012 жылдың қазан айында аяқталмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауы аясында Сəтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы əртүрлі мамандықтар мен кəсіптер бойынша 70 адамды оқытып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 2012 жылы экономикалық көрсеткіштері төмен аймақтардан 24 отбасын қаламызға көшіру жоспарланып отыр. 6 отбасы жаңадан салынып жатқан 48 пəтерлі үйге, ал қалған 18 отбасы Шаталюк көшесі 46а үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйге орналастырылады.

БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ СПОРТ

Мемлекет Басшысының білім беру жүйесінің алдына қойған міндеттерді орындау мақсатында Сəтбаев қаласының атқарушы билік органдары есеп беру кезеңінде едəуір жұмыстар атқарды.
Қалада жалпы білім беретін 16 мектептерден басқа қосымша білім беретін 3 мекеме жұмыс атқаруда, олар: Балалар өнер мектебі, Оқушылар сарайы жəне №2 балалар музыка мектебі.
Білім мекемелерінде білім беруді дамыту бағдарламасына бюджеттік салымдардың сомасы жылдан жылға көбеюде. 2011 жылы қаланың білім беру жүйесін жалпы қаржыландыру 2 млрд. 039 млн. 411 мың теңгені құрады. Бөлінген қаражат қаланың білім беру мекемелерін ұстауға жəне жөндеуге, жиhазбен жабдықтауға жəне оқулық алуға жұмсалды. 3 физика кабинеті жəне 3 химия кабинеті, 1 биология кабинеті сатып алынды. Орта жалпы білім беру мектептеріне жиhаз алу үшін 13 млн. 956 мың теңге, оқулық алу үшін 31 млн.691 мың теңге жұмсалды. Жалпы білім беретін оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету 100% құрайды. Əлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бөлігінен шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 15 млн.800 мың теңге, киім жəне кеңсе тауарларын алуға 18 млн. 933 мың теңге жұмсалды. 1969 оқушының қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруін ұйымдастыру үшін 17 млн. 105 мың теңге бөлінді. Жазғы кезеңде 10 мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлері жұмыс істеді, оларда 2030 бала демалды, бұл мақсатқа 12 млн. 594 мың теңге жұмсалды.
Мектептерді компьютерлендіру жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты. Қазіргі таңда қала бойынша орта есеппен 6,5 оқушыға 1 компьютерден келеді. Қазіргі уақытта барлық мектептер ғаламторға 100% қосылды. Мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуға көп көңіл бөлінуде. 2011 жылғы 1 қыркүйекте қаланың 4 мектебінде 16 коррекциялық оқыту сыныптары ашылды, бұл 2010 жылға қарағанда 4 сыныпқа көп. Диагнозы бойынша шектеулері бар 286 баланың 61-і үйден оқытылады, 93 оқушы коррекциялық дамыту сыныптарында оқиды.
2011 жылы мүғалімдердің кəсіби мерекесі – Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаз еңбегінің беделін көтеру мақсатында Сəтбаев қаласы əкімінің жыл сайынғы сыйақы тапсыру рəсімі өткізілді. Бұл дəстүр 2012 жылы да жалғасын таппақ.
Білім бөлімінде 14 шағын орталық ашылды. Шағын орталықтардың материалдық базасы 100% қамтамасыз етілген. Олардың барлығы білікті мамандармен қамтылған.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сəтбаев қаласының əкімдігі былтырғы жылы спортты дамыту жəне салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді. Нақты айтқанда, бұқаралық спорттық жəне дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны көбейіп, тиісінше осы іс-шараларға қатысушылардың да саны артты. Мысалы, 2011 жылы дəстүрлі спорт жарыстарынан басқа, алғаш рет күзгі демалыс кезінде мектеп оқушыларының арасында спорттың 10 түрінен І қалалық Спартакиада өткізілді. Бұл дəстүр қысқы демалыс кезінде де жалғасын тауып, І қысқы Спартакиада өткізілді.
Қалада спорттың 21 түрі жүргізіледі, оның 15 – олимпиадалық. Қаланың білім беру мекемелерінде спорттың 12 түрінен 51 спорттық секция жұмыс істейді. Қалада дене шынықтыру бойынша 88 ұжым қызмет етеді, мұнда спортпен айналысатындар саны 22226 адамды құрайды, олардың 14544-і спорт түрлері бойынша топтарда жəне секцияларда, 7682-і дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы топтарда айналысады.
Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында бұқаралық спортты одан əрі дамытуға, сондай-ақ оқыту үдерісінің тəрбиелік мəніне ерекше көңіл бөлінетін болады.

МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Есептегі кезең ішінде мемлекеттік жəне кəсіби мерекелерге арналған 520 мəдени іс-шара ұйымдастырылып, 2011 жылы олардың барлығы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығы айдарымен өткізілді. Өткен жылы келесі ірі мерекелік іс-шаралар өткізілді: футбол алаңында Шоу бағдарлама, халықаралық жəне республикалық жарыстарға қатысқан спорт ардагерлері мен спортшылардың қатысуымен «Қазақстан Азиаданы қарсы алады!», дəстүрге айналған «Асыл əжем – ғасыр əжем» əжелер жарысы, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған ретро əндер фестивалі жəне тағы да басқа еліміздің ұлттық жəне мемлекеттік мерекелеріне арналған салтанатты ісшаралар өткізілді. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Мұзды шоу-бағдарлама 2011 жылдың ең ірі іс-шарасы болды.
Мəдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруда «Мəдени-сауықтыру орталығы» КМҚК, сондай-ақ спорттық іс-шараларды ұйымдастырумен жəне өткізумен айналысатын, қаланың аула клубтарының қызметін үйлестіретін «Мəдени-сауықтыру спорт орталығы» КМҚК үлкен жұмыс жүргізеді.
Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімін жалпы қаржыландыру 6 910,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде 4166,8 мың теңге ісшараларды өткізуге, 1137,7 мың теңге қалалық өнер ұжымдарының облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысуына жұмсалды. Қаланың көркемөнерпаздарының облыстық, республикалық жəне халықаралық фестивальдерге қатысуы 2010 жылмен салыстырғанда 70%-ға артты.
Сонымен қатар, қалада мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға, Сəтбаев қаласында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамытуға бағытталған жұмыстар үнемі жүргізілуде. Барлық қалалық іс-шараларға қаланың мəдени-ұлттық орталықтары белсене қатысады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Президент Н.Ə. Назарбаевтың ұлт денсаулығын мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдылықтарының бірі ретінде анықтағаны бəрімізге мəлім.
2011 жылы Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласында қойған міндеттерін орындау мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы қаланың емдеу мекемелері Денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесі жағдайындағы жұмысқа көшті. Екі жылдың қорытындысы медициналық қызмет рыногында бəсекелестік деңгейінің артуы жағынан оң мүмкіндіктерді көрсетеді. Қаланың денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойылған негізгі міндет – халыққа мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті толық көлемде көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта барлық емдеу мекемелерінде ауруханаға жатқызу бюросы порталының жұмысы жолға қойылған. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық базасы нығайтылды. Осының барлығы тұрғындар денсаулығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің жақсаруына негіз болды. Осылайша, бала өлімінің көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 26% төмендеді. Анна өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.
Түберкүлез ауруының көрсеткіші 2011 жылы алдыңғы жылдың деңгейінен 4,3 %-ға азайды. Əлеуметтік маңызды ауруларға келетін болсақ, жүрек-қан тамырлары ауруынан өлімнің төмендеуін, 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруларының 9,2% төмендеуін, 100 мың тұрғынғы шаққанда ВИЧ-инфекциясының 2010 жылғы 3 адамнан 2011 жылы 2 адамға азаюын атап өту керек.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, инфекциялық аурулардың алдын-алу жəне ескерту мақсатында 2011 жылы қалалық емхана жанынан жастардың денсаулық орталығы ашылды. Балалардың жəне жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған алдын-алу іс-шаралар кешенінің жүзеге асуы оқушылар арасында ауру көрсеткішін төмендетуге септігін тигізді.
Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. 2010 жылмен салыстырғанда инфекциялық жəне паразитарлық аурудың төмендеуі байқалды.
Бірақ, жаңа заман кезеңінде клиникалық медицинаны ғана дамыту денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсарта алмайды. Əр азаматтың ортақ жаупакершілігінсіз біз ұзақ жəне сапалы өмірге қол жеткізе алмаймыз. Бұл туралы Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында да айтылған. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау адами əлеует деңгейін жоғарылатудың маңызды бағытына айналуы керек.

ІШКІ САЯСАТ

2011 жыл, өздеріңіз білетіндей, елімізде өткізіліп жатқан реформаларға қарқынды серпіліс берген маңызды саяси оқиғаларға толы болды. Еліміздің жетістіктерін насихаттау жəне Елбасының қойған міндеттерін түсіндіру мақсатында мемлекеттік жəне кəсіби мерекелерге арналған қалалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Ел Тəуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Мерейтой қарсаңында 75 ірі қоғамдық-саяси жəне бұқаралық-мəдени іс-шаралар, 60 спорттық жарыстар, оның ішінде 15 облыстық жəне республикалық көлемдегі жарыстыр ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы іс-шараларға 40 мыңнан астам қала жұртшылығы қатысты.
Сəтбаев қаласы əкімдігінің жүргізген ақпараттық-насихаттау жұмыстары жылдың маңызды оқиғаларынан бастау алды, біз ақпараттық насихаттау жұмысымен түрлі топтағы тұрғындарды қамтуға тырыстық. Қаламызда құрылған 5 ақпараттық насихаттау тобы аталмыш жұмыстың сапалы жүргізілуіне ықпал етті. Есепті мерзім ішінде топ мүшелері 135 еңбек ұжымымен кездесті, сонымен қатар қаламызда 10 конференция, 24 «Дөңгелек үстел» отырысы, 20-дан аса дебат ойындары, акциялар, лекциялар жəне басқа іс-шаралар өткізіліп, дəрістер мен баяндамалар оқылды. Бұл ісшараларға 10 мыңнан аса қала тұрғыны қатысты.
Ақпараттық-насихаттау жұмыстарының даму бағытын медиа-жоспарсыз анықтау мүмкін емес. Ақпараттық қолдау жұмысын ұйымдастыру барысында мемлекеттік тапсырысты орындаушы жергілікті, аймақтық жəне облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы басты назарда болды.
Қаламыздың жəне оның маңындағы кенттердің сыртқы безендіруінің ажырамас бір бөлігі — ол əлеуметтік-саяси жарнама нысандары. Қазір қаламызда мұндай нысандар саны 213.
Сыртқы жарнама нысандары ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында кеңінен қолданылуда. Сəтбаев қаласы аймағында барлығы 40-тан астам билборд, 12 брандмауэр, 7 тартпа, 10 жарықтандырылған пилон, 67 кронштейн жəне 76 қалқан бар.
Биліктің Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ашық диалог жүргізіп, тең құқылы серіктестік қызмет жасауы тек қоғамдық бастаманы дамыту ғана емес, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсету, мүгедектерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау мəселелерін шешу, нашақорлықпен күресу болып табылады.
Саяси партиялар, діни ұйымдар, кəсіподақтар мүшелерінің қатысуымен өткізілген «дөңгелек үстелдер», кездесулер көбіне кеншілер қаласының əлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мəселелелерін талқылауға арналған нақты орынға айналды. Сəтбаев қаласында «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының қалалық филиалы, 7 ұлттық-мəдени орталық, 21 үкіметтік емес ұйым жəне 3 кəсіподақ ұйымы жұмыс істейді. ҮЕҰ жұмысын қолдау, азаматтық қоғам институттарының мемлекетті басқару қызметін кеңейту негізгі мақсаты болып табылатын мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асыруға 2011 жылы қалалық бюджеттен 3851,0 млн.теңге бөлінді жəне игерілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық оңалту, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтау саласында ақпараттық-ағарту жұмыс, гендерлік теңдік саясатын жүргізу, адам саудасы, діни экстремизммен байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу жəне қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған 12 əлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды. Біздің азаматтық қоғам институттарымен өзекті мəселелер төңірегінде ой қозғап, бүгінгі күнгі көкейкесті келелі проблемаларды шешу жолдарын анықтаудағы байланысымыз тұрғындардың атқарушы билікке деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Тұрғындар бойында, оның ішінде жастар бойында қазақстандық рухты көтеру, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге жəне насихаттауға мақсатты бағытталған біршама жұмыстар жүргізілуде.
Жастар бойында қазақстандық патриотизмді, олардың интеллектуалды, жанжақты дамуына жəне қоғамдық белсенділіктерін арттыруға бағытталған 26 қоғамдық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Жастардың жазғы демалысын ұйымдастырып, жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл Ел» жастар жасағының жұмысы ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында 2011 жылы 3 жасақ құрылып, онда барлығы 150 бала жұмыс істеді. Игерілген қаржы көлемі 3 млн теңгені құрады. 2011 жылы Сəтбаев қаласының аумағында жастар саясатын іске асыру саласындағы маңызды шараның бірі – «Жастар бастамашылдығы орталығы» ММ ашылуы болды.
Қазақстандықтардың өмірінде дін ілімдері кеңінен таралуда. Өкінішке орай, кейбір діни ағымдар қоғам арасына іріткі салуда. Осыған орай еліміздің барлық қалаларындағы жүргізілген үрдіске сай 2011 жылы Сəтбаев қаласында да діни экстремизмге қарсы түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар бойына радикалды діни ұйымдар догматтарына қарсы тұруға жетелейтін бағыт-бағдарлар берілді.
Қорыта келгенде, біз ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар қаламыздағы ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға негіз болды деп айта аламыз. Есеп беру мерзімі ішінде Сəтбаев қаласы басшылығы түрлі топтағы қала тұрғындарымен, оның ішінде ардагерлермен жəне жастармен, кəсіпкерлермен жəне журналистермен, ауған соғысы ардагерлерімен, мəдениет жəне өнер саласы қызметкерлерімен, спортшылармен, үкіметтік емес ұйымдар жəне ұлттық мəдени орталықтар жетекшілерімен кездесулер өткізді. Бұл кездесулер біздің баршамызды ең бастысы – туған жерге деген сүйіспеншілік жəне өз халқымызға деген қамқорлық сезімі біріктіретіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, күні кеше өткен Парламент Мəжілісі жəне мəслихат депутаттарының сайлауы сəтбаевтықтардың Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың реформаларын толығымен қолдайтындығын көрсетті.

ҚҰРЫЛЫС

Халықтың кең ауқымын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру қалалық əкімдік қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Құрылыс саласы үшін де былтырғы жыл сəтті болды. 2011 жылы Сəтбаев қаласында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындау мақсатында жылдық 7790 ш.м. жоспардың орнына іс жүзінде 7857 ш.м. құрылыс пайдалануға берілді, жоспардың орындалуы 101% құрады.
Негізінен 2011 жылдың 12 айында сауда жəне əлеуметтік мəдени тұрмыс нысандары бойынша жалпы көлемі 1431,0 ш.м. құрайтын 12 шағын жəне орта бизнес нысандары, оның ішінде 7 сауда нысаны жəне 5 қызмет көрсету жəне қызметтер саласы нысандарының құрылысы салынды жəне пайдалануға берілді. 2011 жылы Шаталюк көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан жалға берілетін 3 қабатты көп пəтерлі тұрғын үй құрылысына жергілікті бджеттен 59 225,9 мың, республикалық бюджеттен 22 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңа пəтерлердің кілттері еліміздің Тəуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста тапсырылды.
120 метр кубты құрайтын мал қорымының 2011 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
Осылайша, жалға берілетін тұрғын үй құылысына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды орналастыруға жəне дамытуға қаражат көлемін ұлғайту кеншілер қаласының жаңа тұрғын үй құрылысы аудандарын қарқынды дамытуға ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы да жалғастырылады.
Елбасының 2012 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаларына сəйкес Қазақстанда жылына 6 млн. ш.м. жаңа тұрғын үй салынбақ. Осы мəселені шешу үшін Сəтбаев қаласында да жалға берілетін тұрғын үй алаңы көбейтілетін болады. 2012 жылы Сəтбаев қаласына тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 294,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша 69 пəтерлі жалпы көлемі 4160,8 ш.м. құрайтын екі бесқабатты тұрғын үй салынбақ.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖƏНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жəне оның іркіліссіз жұмысы, сонымен қатар халықты жылумен жəне энергиямен қамтамасыз ету мəселелері біздің тұрақты назарымызда. Жылу беру маусымының басында қаламыздың жылу станциялары отынмен толық қамтамасыз етілді, 2011 жылдың 7 қазанына көмірдің нормативтік қоры 186 мың тоннаны (4 айдың қоры) жəне мазут қоры 1525 тоннаны құрады. Жылу, суқұбыры, электр желілерін, тұрғын үй жəне əлеуметтік мəдени тұрмыстық нысандарды дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының жоспардағы көлемі орындалды. Жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары 11 0%-ға орындалды. Су құбырлары жүйесін толық жөндеу жұмыстары 100%-ға, канализациялық жүйелер 100%-ға орындалды. Электр тарату жүйесін жөндеу жұмыстары 68,095 км., соның ішінде ауа жүйелерін 67,695 км., кабель жүйелерін 0,4 км. (40 бүлінген) жөндеу жоспарланып отыр, жыл аяғына 68,095 км немесе 100% орындалды. Қалаға жəне оның маңында орналасқан елдімекендерге жылу 2011 жылдың 10 қазанынан бастап берілді. Жылу беру маусымы қалыпты деңгейде өтуде. Көмірдің тəулік бойынша шығыны 2,5 мың тонна, мазут 50 тонна (айына 1500 тонна).
751 тұрғын үй жəне əлеуметтік мəдени тұрмыстық нысандардың барлығына жылу, электр энергиясы жəне ауыз суы үздіксіз берілуде. Қызметтерді ұсыну кəсіпорындарында апаттық топтар ұйымдастырылған, қызметтерді ұсыну кəсіпорындарында жəне əкімдікте тəулік бойы кезекшілік жүргізілуде.
Қала аумағын көгалдандыру жəне абаттандыру мəселелеріне қала билігі қызметінің қоғам назарында жүретін ең маңызды аспектілерінің бірі ретінде ерекше назар аударылады. Есеп беру кезеңі ішінде 28 тазалық бейсенбіліктері жəне 5 жалпы қалалық сенбіліктер өткізілді, оның екеуі «Сəтбаев қаласын таза ұстайық!» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Тəуелсіздік даңғылындағы саябақ абаттандырылды. Бұл нысан бойынша келесі жұмыстар орындалды: тротуарларға тротуарлық тақтайшалар орнатылды, 9 гүлзарлар салынды, суару суқұбыры жəне орындықтар мен қоқыс жəшіктері орнатылды. Барлық жұмыс 100%ға орындалды.
Жыл басынан қалада көшелерді жəне аулаларды жарықтандыру желілерін қайта жаңарту жəне жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сəтбаев қаласында барлығы 3221 шамшырақ жəне 1476 жарықтандыру бағаналары бар. Ағымдағы жылға Ұлытау, Құсайынов, Бөпежанов, Пушкин, Бұлқышев, Момыш-ұлы, Мұратбаев көшелері бойынша жарықтандыру желілерін қайта жаңарту жұмыстары жоспарға алынды. Аталған көлем бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар 4-ші жəне 2-ші ықшамаудандарда аулалық жарықтандыруды жаңарту жұмыстары орындалды жəне қазіргі уақытта 5-ықшамаудан бойынша бірыңғай желіге біріктіру жəне фотореле жəне үш тарифты есептеу қондырғылары бар шкафтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Аулаларды абаттандыру жұмыстары орындалуда. Жыл басынан жоспарланған 10 балалар ойын алаңдары орнатылды. Жасанды жабындысы бар 3 футбол ойын алаңы орнатылды (жоспар — 3 дана). Аулалар арасындағы жолдарды асфальттау 100% пайызға орындалды, көлемі – 7116 шаршы метр. 4 жəне 2 ықшамаудандардың аулаларын жарықтандыру жұмыстары (бір жүйеге біріктіру арқылы, фоторелесі жəне үш тарифті есептеуіш құрылғысы бар басқару қондырғысын орнату арқылы) жаңартылды. Абай көшесінің бойындағы емхана маңайында қазіргі заман талабына сай автобус аялдамасы орнатылды. «Елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында «Сəт Сəулет» АҚ көшелердің тазалығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде – көшедегі қоқыстарды алу, қоқыс жəшіктеріндегі қоқыстарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған 2 жарықдиодты бағдаршам нысанының екеуі де орнатылды (Жеңіс көшесінің — Сəтбаев даңғылымен жəне Комаров – Гурба көшелерінің қиылыстарында). Басты көшелер бойынша жол төсемдерін белгілеу жұмыстары жүргізілді. Жазық жол белгілерін ауыстыру жəне орнату жұмыстары 100 пайызға орындалды. Ұлытау көшесі мен Тəуелсіздік даңғылы бойында 568 секция көлемінде қоршаулар орнатылды.
2011 жылы Сəтбаев қаласы біріншілердің қатарында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жұмыстарды бастады. Бүгінгі күні Түрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 5 екіқабатты 8 пəтерлі келесі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Бөпежанов көшесі, №2, №6 жəне №18 үйлер, Сəтбаев даңғылының №93 үйі жəне Тəуелсіздік даңғылының №24 үйі, жөндеудің жалпы сомасы – 62 590 мың теңге.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Қазіргі уақытта ведомствоаралық электронды құжатайналымына көшу жұмыстары аяқталуда.
Күн сайын Сəтбаев қаласы əкімінің ресми сайтын үш тілде: мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерінде өзектендіру жəне толтыру жұмыстары жүргізілуде, жаңалықтар жолағы жаңартылып тұрады.
Елбасының 2012 жылғы Жолдауын іске асыру аясында қала тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын жетілдіру жəне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасын таппақ.

ЖЕЗҚАЗҒАН КЕНТІ

Жезқазған кентін əлеуметтік-экономикалық дамыту мəселесі ұдайы басты назарда.
Бүгінгі таңда Жезқазған кентінің халқы 8229 адамды құрайды, оның ішінде: экономикалық қабілеттісі – 4749 адам, зейнеткерлер – 1599, балалар – 1881, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар – 137 адам жəне тіркелген жеке кəсіпкерлер саны – 19. Кенттің құрамына геологиялық барлау партиясы, Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендері жəне Сəтбаев селосы кіреді.
Кентті абаттандыру, санитариялық жағдайын жақсарту, жолдар салу жəне көшелерін көгалдандырып, жарықтандыру мəселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Бірлігіміз жарасқан!» бағдарламасын іске асыру аясында 2011 жылы тұрғын үй секторларын əр түрлі қоқыстардан тазарту мақсатында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша Весовая елді мекенінің Киров көшесі бойында балалар ойын алаңы мен жасанды жабындысы бар футбол алаңы орнатылып, Крестовский елді мекенінің Почтовая, Павлов, Чапаев көшелерінің көше жарықтары қалпына келтірілді, Əбиев, Асанов, Жамбыл көшелерінің бойындағы көлік жолдарындағы шұңқырлар жөнделді. Жезқазған кентіндегі саябақты абаттандыру аяқталды, онда субұрқақ іске қосылып, 15 шамшырақ, 20 орындық, урналар мен гүлзарлар орнатылды, сонымен қатар, 1700 шаршы метр көлемінде тротуар плиткасы төселді.
2011-2012 жылғы жылу беру маусымына дайындық бойынша Сəтбаев қаласының сумен, жылумен қамтамасыз ету кəсіпорны 577,4 м. құрайтын магистралды жылу жүйесіне, 6044,7 м. құрайтын орамдық жылу жүйелеріне жəне 665,7 м. құрайтын орамдық су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Есеп беру кезеңінде тұрғындармен абаттандыру жəне ауыл шаруашылығы малдарын жайылымға шығару мəселелері бойынша 8 жиналыс өткізіліп, барлық сұрақтар бойынша тиесілі шаралар қолданылды.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өз сөзімді қорытындылай келе, Ел Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев алдымызға қойған міндеттерді орындау барысында былтырғы жылы қол жеткізген барлық жетістіктеріміз — бұл жергілікті билік органдарының күнделікті тынымсыз жұмысының нəтижесі жəне Сəтбаев қаласы тұрғындарының қажырлы еңбегінің қорытындысы екендігін атап өткім келеді.
Əрине, əлі де алдағы уақытта біз шешетін мəселелер аз емес. Бұл орайда өз қызметімізде біз ең алдымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында қойған мақсат-міндеттерді басшылыққа аламыз. Елбасы он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру қажет екендігін атап айтты. Бірінші – қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау, ауылдық жердегі кəсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру. Екінші – қолжетімді баспана. Бұл міндетті орындау үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Үшінші – өңірлерді дамыту. Экономикалық өрлеудің басты бағыты ретінде жаңа зауыттар салынып, индустриалдық жұмыс орындары ашылып, əлеуметтік инфрақұрылым дамуы тиіс. Төртінші – халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Бесінші – кадрлар потенциалын жақсарту. Алтыншы – сот жəне құқық қорғау жүйелерін жаңғырту. Маңызды мəселе – құқық қорғау жəне арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. Жетінші – Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Сегізінші – зейнетақы жүйесін жетілдіру. Тоғызыншы – индустриалдық-инновациялық жобалар. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағыты болып қала береді. Индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамытудың бірқатар жаңа жобалары белгіленді, олардың ішінде Жезқазған-Бейнеу жəне Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілері, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өндеу кешені, Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу, елдің орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесі жəне т.б. Оныншы – ауыл шаруашылығын дамыту. Бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігі енгізіледі.
Ел басшылығымен бірге бізге біраз жұмыстар атқару керек, жəне Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды. Нұрсұлтан Əбішұлы Жолдауда атап айтқандай, қуатты Қазақстан – ең əуелі өңірлердің қуаттылығы. Сəтбаев сияқты шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мəселе. Кеншілер қаласының экономикалық жəне рухани зор əлеуеті бізге əлеуметтік-экономикалық даму жəне халықтың өмір сапасын арттыру бойынша біздің алдымызда тұрған барлық міндеттер сөзсіз орындалады деп айтуға негіз бола алады.
2012 жылы біз академик Қ.Сəтбаев атындағы даңғыл бойында орындықтар, қоқыс жəшіктері, парктік шамшырақтар, вазондар жəне кіші сəулет мүсіндері орнатылған, жалпы құны – 43695 мың теңгені құрайтын «Жастар» жаңа саябағын ашуды, шіркеу аумағындағы гүлзарлар салынып, орындықтар орнатылған, жалпы құны – 5884,0 мың теңгені құрайтын саябақты абаттандыру, сонымен қатар, Астана дүкенінің алдына жалпы құны – 16305 мың теңгені құрайтын тротуарлық тақтайшаларды, кіші сəулет мүсіндерін жəне орындықтар орнатуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, қаламыздың атқарушы билігінің өндірістік кəсіпорындармен бірлесіп жұмыс атқарудың жəне өзара ісқимыл жасаудың үлкен тəжірибесі жинақталған. Іс жүзінде бұл «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-мен жасалған меморандумда айқын көрініс тапты, аталмыш меморандумның арқасында 2012 жылы қаланы абаттандыру бойынша бірқатар мəселелердің шешімі табылады. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС ағымдағы жылы Сəтбаев қаласы бойынша жалпы сомасы 304,5 млн.теңге болатын жұмыстарды орындауды жоспарлауда. Бұл жұмыстардың негізгілерінің қатарында – «Тəуелсіздік» саябағының аумағында «Қазақстанның Тəуелсіздігі» стеласын жасау жəне орнату, бұрынғы Октябрьдің 50 жылдығы мəдениет үйінің маңайында «Кенші даңқы» монументінің орнатылуымен қатар, жаңа алаң абаттандырылады, халықтың демалуы үшін, спорттықмəдени іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу үшін Жеңіс саябағындағы бассейн қайтадан жаңартылады, сонымен қатар, көшелерді жəне автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жəне басқа да көптеген жұмыстар жоспарлануда. Осылайша, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШСмен қалыптасқан жемісті диалогтың арқасында біз көптеген келелі мəселелерді бірлесіп шешеміз.
2012 жылы Жезқазған аймағын дамытудың кешенді жоспарын іске асыруды қолға аламыз. 20 11 жылдың 3 қарашасында Үкімет қаулысымен жалпы құны 128 млрд. теңгені құрайтын «Қарағанды облысының Жезқазған, Сəтбаев қалаларын жəне Ұлытау ауданын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 — 2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» қабылданғаны бəрімізге белгілі. Үкіметтің бұл бағдарламасы құрамында мысы бар кен қорын барлау жəне өңдеу, жаңа тау-кен өндіру кəсіпорындарын ашу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша мəселелерді шешу, солардың ішінде – жолдарды жөндеу жəне көшелерді жарықтандыру сияқты мəселелер қарастырылған 3 8 бөлімнен тұрады. Олардың ішінде бөліп айтатыны, ол – «Жезқазған Сексеуіл» темір жолы мен Қызылорда-Жезқазған жəне Жезқазған – Арқалық көлік жолдарының құрылысы. Бұл Жезқазған аймағының болашақта еліміздің транспорттықлогистикалық орталығына айналуына мүмкіндік береді. Аталған жоспардың бекітілуі аймағымыздың халқы үшін үлкен сый болды. Сондықтан біздің алдымызды осы Жоспарды аса жоғары сапамен іске асырудың күрделі міндеті тұр.
Біз еліміз үшін мерейлі жылды абыроймен аяқтадық, 2012 жылдың қорытындылары да жақсы болатындығына үміттіміз. Барлығымыз жұмыла жұдырық болып мемлекетіміздің, оның ішінде Сəтбаев қаласының да дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Комментарии закрыты.