Су және ереже

Жазғы шомылу маусымы басталуына байланысты Сәтбаев қаласындағы құтқару бөлімшесі күшейтілген кезекшілікке ауыстырылды. Барлық құтқару құралдары (жүзу, автокөлік, байланыс, авариялық құтқару құралдары) арнайы тексеруден өтіп жазғы суға түсу маусымына толық әзірленді.

Келісілген кесте бойынша мектеп оқушыларымен жазғы сауықтыру алаңында, қала мектептерінде «Судағы қауіпсіздік ережесі» және «Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету», «Суға бату қауіпі төнген адамға қалай таяну керек», «Алып жүзу ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Судағы төтенше жағдайларды болдырмау, ескерту және алдын алу мақсатында төмендегідей ережелерді есте сақтаған жөн. Жақсы жүзе білу – судағы қауіпсіз демалыс кепілі. Бірақ, жақсы жүзе білген адам да ережелерді сақтағаны абзал:

– жағажайдағы ескерту белгілеріне мән беру;

– шомылуға тыйым салынған және қауіпті жерлерге суға түсуден бас тарту.

Шомылуға барғанда мынадай жеке құтқару құралдарын алған дұрыс:

– құтқару шеңбері, құтқару кеудешесі және де бұлардың бәрі бүтін болуы керек.

– күн өтуден сақтану барысында бас киім алуды ұмытпаңыздар;

– белгіленген жерде ғана суға түскен дұрыс;

– желмен кеткен үрмелі құралдардың соңынан жүзбеу;

– түнгі мезгілде шомылмау;

– бейтаныс жерлерде суға түсуге тыйым салынады, су асты қоқыстары, темір және бетон сынықтары, балдыр, су асты талдары қауіп төндіруі мүмкін;

– су жағасына барғанда мас күйінде суға түсуге тыйым салынады;

– шомылу барысында жүзу шекарасынан асу және көлді жүзіп өту адам өміріне үлкен қауіп тудырады;

– автокөлік камералары мен ағаш тақтайшаларды, бөренелерді жүзу құралы ретінде пайдаланбау;

– балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Міне, осы қарапайым қағидаларды сақтаудың арқасында суға шомылу демалысын қауіпсіз, қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады. Сақтық шараларын ұстану – судағы басты қауіпсіздік талабы.

Б.ТӨРЕБЕКОВ,
Сәтбаев қалалық
құтқару бөлімшесінің құтқарушысы.

Комментарии закрыты.