Бақытты шақ – балалық

Адамдардың көбісі балалық шақ кезінде шынайы бақыт сезімін есте сақтайды, жазғы демалыстарын тағатсыздана күтеді. Бүлдіршіндердің ерекше қуанышпен күтетін мезгілі – жаз. Балаларды сауықтыру және жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында С.Сейфуллин атындағы гимназиясы жанынан ұйымдастырылған жазғы сауықтыру алаңы жоспарға сай жұмыс жүргізуде.

3-22 маусым аралығын қамтитын «Балдәурен» алаңында көпбалалы, асыраушысынан айырылған, дәрігерлік есепте тұрған барлығы 70 оқушы демалуда.

Демалушы балалардың әр күні қызықты өту үшін жоспарға сай қызықты іс-шаралар, ойындар, спорттық мерекелер, сайыстар ұйымдастырылуда. Балалар бос уақыттарында үйірме жетекшілерінің сабақтарына қатысып ой-өрістерін кеңейтсе, оқушылар сарайы ұйымдастыратын шараларда марапаттауларға ие болып жатыр.

Демалушылардың шат күлкіге толы жүздерін көріп, алаңда өткізген әр күні балалықтың бақытты шақтары боларына сенімдіміз.

Гүлжауһар ӘЖІБАЕВА,
сауықтыру алаңының басшысы.

Комментарии закрыты.