«Қазақмыстың» құрметі

Атаулы күнді атап өтуді аймақта алғашқы болып «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бастады. «Кислород» сауық кешеніндегі салтанатты шарада мереке иелеріне ақ дастархан жайылды.

Алып компанияның баспасөз қызметінің Жезқазған аймағы бойынша пиар-менеджері Ардақ Құлжамбекова жыл сайын БАҚ өкілдерінің басын қосып, ұлықтауды дәстүрге айналдырған. Кәсіби шеберлігі мен білігінің арқасында өзекті мәселелерге қалам сермеген жергілікті басылымдардың басшылары мен қызметкерлері құрметке бөленіп, төрден орын алды.

Отырыста құттықтау сөз алған А.Құлжамбекова өндіріс пен БАҚ өкілдерінің әріптестік қызметіне  жоғары баға берді. Ақпарат  құралдарының қоғамның дамуына, экономиканың нығаюына қосқан үлесі ерекше екендігін айта келе, төл мерекемен құттықтап, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқару кеңесінің Бас директоры А.Қырықпышевтің редакция ұжымдарына Алғыс хатын табыс етті. Олардың қатарында «Мысты өңір», «Подробности», «Жезказганский вестник», «Шарайна» газеттері мен «Дидар», СТА телеарналары бар.

Салтанатты кеште бір топ журналист «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағының Құрмет грамотасы мен сыйақысына ие болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен маңызының орасан зор екендігін атап көрсеткен «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы қарымды қалам иелерін назардан тыс қалдырмай филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Шыңғысовтың Алғыс хатымен марапаттады.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда БАҚ өкілдері үлесін қосып келеді. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген сөз сардарлары атау-
сыз қалған жоқ. Әдемі кеш әсем әнмен әспеттеліп, бимен өрнектелді.

М.АЛПЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.