Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір тудырған тұлға

Таяуда ғана Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн болды. 22 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан басшылығына келгеніне 30 жыл толды.

С.Сейфуллин атындағы гимназияның «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жоғары лауазымына тағайындалғанына 30 жыл толуына арналған апталық өтті. Апталық «Н.Назарбаевтың биліктегі 30 жылы» атты жиынмен басталды. Апталық аясында «Н.Назарбаев: Жасампаз дәуір» атты бұрыш ұйымдастырылып, оқушылар «Біздің тұңғыш Президент» атты презентациямен танысты. Сондай-ақ олар «Менің балалық шағымның аспаны» фильмін тамашалады.

22 маусым күні мектеп кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы» атты көрме ұйымдастырылды. Өткізілген апталық барысында тәрбиешілер тұңғыш президенттің халыққа деген адалдығы мен жанашырлығы және қазақтың бағына туған дара тұлға екенін айтты. Мәңгілік елімізді дамыған 50 елмен терезесі тең, керегесі кең болуына қосқан үлесі мен ерен еңбектері туралы тереңнен атап өтті.

Бір сөзбен айтар болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір тудырған тұлға. Бүлдіршіндер Елбасының биліктегі 30 жылдық еңбегін өздеріне үлгі тұтады.

Гүлжаухар ӘЖІБАЕВА,
алаң басшысы.

Комментарии закрыты.