Жастарға жігер береді

Ақпан айының 9 күні Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханада «Жас Отан» Жастар қанаты Сәтбаев қалалық филиалы «Елбасы Жолдауы жастарға жігер береді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған қалалық білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жас мамандары, жастар мәслихатының депутаттары, «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері мен белсенділері қатысты.

Жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында көрсетілген еліміздің дамуы мен халқымыздың тұрмыстық әлауқатының жақсаруын көздеген 10 басым бағыттарды жастар арасында насихаттау мен түсіндіру болды.

Отырысты «Жас Отан» ЖҚның атқарушы хатшысы Н.Наурызбаев ашып, жүргізді.

– Биылғы жылғы Жолдау ерекше, онда Елбасымыз қазақстандық жолдың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Ол біздің алдымызға экономиканы нығайту, халықтың әлауқатын жақсарту бойынша жаңа міндеттер мен үлкен мақсаттар қойып отыр. Жолдаудың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталуының өзі мемлекеттік саясаттың қандай бағытқа басымдық беретінін көрсетеді. Ұлт көшбасшысының Жолдауы әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды, – деді атқарушы хатшы.

Осыдан соң Нұрлыбай Наурызбаев зейнетақы, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында өз ой-пікірлерімен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Д.Төлегенов, №14 орта мектептің мұғалімі Қ.Балгазина және жастар мәслихатының депутаты Ә.Жұмабаева бөлісті.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысқандар бірауыздан Елбасы Жолдауда айтқан жастарға қатысты басымдықтарды, жастар саясаты саласында атқарылатын мәселелерді белсенді түрде жүзеге асыруға атсалысатындықтарын айтты.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.