Қазақтың Киесі, қасиеті, қазынасы

Домбыра – бұл өмірдің бір бөлігі, әр қазақ жанының бір бөлігі. Біздің шексіз даламызды тамаша әуенсіз, домбырасыз елестету мүмкін емес. Қазақтардың музыка мәдениетінің, халықтың рухани дамуында домбыраның маңызы зор. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі де халқымыздың домбыраға деген құрметінің бір көрінісі.

Ұлттық домбыра күніне орай Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, күйлер тыңдалып, әр күйдің шыққан тарихы жайлы түсінік берілді. Көрмені өткізудегі мақсат – ұлттық құндылығымызды насихаттау, қазақтың қасиетті домбырасы туралы ақпарат беру болып табылады.

Кітап көрмесіне қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы мәліметтермен бірге қазақ халқының атақты күйшілері жайында деректер мен кітаптар қойылды. Оқырмандар осы ұлттық аспап туралы ақпаратпен танысып, тарихы жайында мәлімет алды.

Ойымен бөлісті. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Қуанарлық жайт. Дәстүрді сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымызда.

Т.Окимбаева,
абонемент бөлімінің кітапханашысы.

Комментарии закрыты.