Заман талабы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты. Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін.

Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды.
Біз латын графикасына көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік. Көптеген шаралар атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті. Өйткені, латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді. Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туды. Қазақ елінің саяси-
экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Н.Назарбаев қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды. Қаламыздағы №31 «Балапан» балабақшасының ұжымы ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, еліміздің жаңа әліпбиге көшуіне белсенді атсалысатын болады.

А.Оразалина,
№31 «Балапан» балабақшасының директоры.

Комментарии закрыты.