Халықтың тұрмысын жақсартуды көздейді

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы – бұған дейінгі іске асырылған стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы және еліміздің, өңіріміздің дамуына тың серпін береді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен, жаңа идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Елбасы Қазақстан халқының алдына түсінікті әрі айқын 10 міндет қойып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігін, ресурстық әлеуетті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажеттігін негізге алып отыр. Білім беру, денсаулық саласы мен зейнетақы жүйесін онтайландыру мәселесіне Елбасы әр Жолдауында ерекше мән береді. Жемқорлықтың алдын алу кезекті Жолдауда да көрініс тауып отыр. Қазақстанның даму жолын айқындайтын құжат еліміздің түкпір-түкпірлерінде, оқу орындарында өзге де орындарда кеңінен қолдауға ие болуда. Президенттің қай жылғы Жолдауын алсаңыз да, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақырғанын көреміз.

Жолдауға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыру – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы.

Бикен Әбеева,
зейнеткер.

Комментарии закрыты.