Алаңның әр күні қызықты

Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерьлерінде, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңдарында өтеді. Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы да балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан «Достық» жазғы сауықтыру лагерін ашты.

Сауықтыру алаңының бірінші маусымы өте көңілді аяқталып, екінші кезеңі де көңілді басталды. Мектебіміздің басшысы Г.Иманбаева-Казбекова лагеріміздің салтанатты ашылуына қатысып, балаларға жақсы демалыс пен сәттілік тіледі. Жазғы лагерге аз қамтылған және көп балалалы отбасының балалары тартылды.

Сауықтыру алаңының басты мақсаты – оқушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің жеке-басы қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, бос уақыттың қызықты, әсерлі өтуін ұйымдастыру. Осындай мақсатты көздеген «Достық» жазғы сауықтыру лагері жаз уақытында балаларды демалыспен қамтуға байланысты тәрбиелік және спорттық бағдарламаларды іске асырды. Әр сынып оқушылары жаз бойы өз уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуде. Бекітілген жоспарға сәйкес мұнда күн сайын әр түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Б.ТУРИМОВА.
№ 1 мектеп-гимназия.

Комментарии закрыты.