Рақымшылыққа ілікті

Үстіміздегі жылдың 22 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Заң өз күшіне енді. Аталған Заң бойынша жеңіл және аса ауыр емес қылмыстар жасаған сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Осыған орай, өткен аптада Сәтбаев қалалық сотында судья А.Абдыкамаловтың төрағалық етуімен «Рақымшылық жасау туралы» Заңды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Оған қалалық прокуратура мен ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысты.

– Аталмыш Заңды іске асыру аясында ағымдағы жылы қылмыстық істер мен қылмыстық-атқару инспекциясының желісі бойынша сотқа барлығы 31 материал түсті. Оның ішінде 26 материал қанағаттандырылып, бесеуі қазіргі уақытта соттың қаралуында.

«Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуына байланысты қылмыстық істер бойынша 12 тұлғаға қатысты істердің сот өндірісі қысқартылды. Қысқартылған қылмыстық істердің санаттары – ауырлығы орташа істер, – деді Амантай Жұмаділдаұлы.

Одан әрі дөңгелек үстелге қатысқандар биылғы жылғы рақымшылық жасау туралы заңның ерекшелігін, өзгертулері мен толықтыруларын және бұрынғы қабылданған заңдардан айырмашылығын талқылады.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.