Өз ісінің маманы

Тамыз айының алғашқы жексенбісі – көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы төл тойларын Сәтбаев қаласының көлік жүргізушілері де лайықты қарсы алды. Солардың бірі – Тұрарбек Балмағанбетов.

Тұрарбек Арынғазыұлы – Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тумасы. Осы ауылдағы орта мектепті бітірген ол 1996 жылы кеншілер қаласына келіп жүргізуші мамандығын игерді. 7 ай оқып, жүргізуші куәлігін алған соң әр салада еңбек етіп, тәжірибе жинады. Ал 2008 жылдан бері қаладағы «Нұр Транс Сәт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус жүргізушісі болып еңбек етіп келеді.
25 жылдай еңбек тәжірибесі бар Тұрарбек Балмағанбетов бүгінде өз ісінің майталманы.

– Бұл салада 18 жасымнан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Осы күнге дейін жұмыс ешқандай қиындық туғызбады. Адам тасымалдаумен айналысу үлкен жауапкершілікті талап етеді, біз сол жауапкершілік үдесінен шығуға тырысамыз, – дейді ол.

Өз жұмыстарына адалдық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде қаламыздың көлік саласы үзіліссіз жұмыс істеуде.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.