Интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды

ҚР Президенті қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алғыс айтты, деп хабарлайды Қаз-
Ақпарат.

«ҰҚК менің тапсырмам бойынша Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қорғалып тұрғаны және сырттан шабуыл жасалған жағдайда сертификатты қолдана алатынымыз дәлелденді. Интернет қолданушыларына ыңғайсыздық жойылды. ҰҚК-ге алғыс айтамын» деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы интернет қолданушыларға қолайсыздық болмайтынын атап өтті. «Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы – ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», – деді ол.

Ғаламтор желісінен.

Комментарии закрыты.