12 тамыз – Құрылысшылар күні

Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы шаһарымызда бірнеше маңызды әлеуметтік құрылыс нысандары салынуда. Мәселен, жаңадан бой көтерген «Нұрлы мекен» ықшамауданы аумағында Жезқазған кентінің тұрғындарына арналып қосымша 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлерді биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Ал, Шаталюк көшесіндегі 56 пәтерлік төрт қабатты үй мен Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Қос нысан келер жылы пайдалануға беріледі.

(Сәні мен сәулеті келіскен ғимараттардың бой көтеруіне атсалысқан құрыш қолды құрылысшылар туралы газетіміздің 4-бетінен оқи аласыздар).

Комментарии закрыты.