Менің байлығым! Ата-анам жайлы бір ауыз сыр

Мен ата-анамның тұла бойы түңғышымын. Әкем аппақ қызымды еркелетіп өсіремін деп, атымды «Ақерке» қойған.

«Кімнің әкесі жақсы?» десе, «менің әкем» деп жауап берер едім. Әкем шыншыл, адамгершілігі мол, өте ұқыпты адам. Қолы тиген істі жайнатып жібереді. Ол өте еңбекқор. Менің әкем мақтануға тұрарлық үлгілі отбасы иесі. Мен үшін әкемнің орны ерекше. Отбасымызда баршамызға қамқоршы. Мен билегенді қатты ұнатамын. Ең алғаш гастрольдік сапарым Қарағанды қаласынан басталған, сол кезде мені әкем ертіп алып барған болатын. Болашақта үлкен жетістіктермен ата-анамды қуанта берсем деймін! Артымнан ерген қос бауырым Мақсат пен Айбикеге үлгі болуға тырысамын. Інім әкеме тартып, домбыра тартуға талпынып, домбыра үйірмесі қатысып жүр.

Ал, анам жайлы айтар болсам, әрине, айтып тауыса алмаспын. Менің анам – менің жүрегім, менің – тілекшім! Анам № 25 орта мектепте тарих пәнінің оқытушысы. Анам менің кешірімшіл, ақылды адам, отбасымыздың тірегі. Барлық жасы үлкен-кіші туысқандарымыз бір істі бастарда немесе басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Анам қолынан келген көмегін аямай, кеңес береді. Анашымның әрқашан көңілі шат, жүзі жарқырап жүреді. Мен анамды қатты жақсы көремін!

Міне, менің ата-анам ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім әрдайым жүрегімде!

Әкем ұялмайтындай, анам жыламайтындай өмір сүруге уәде етемін. Ата-анам, ғұмырларыңыз ұзақ болсын!

Ақерке БЕРДІБЕК,
№19 мектептің 6 «В»
сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.