Кең болсаң кем болмайсың

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бір топ өндірісшілердің балаларына тарту-таралғы жасады.

– Қазақта «Кең болсаң кем болмайсың» деген аталы сөз бар. Қайырымдылық шарасына жыл сайын белсене атсалысып келеміз. Балалар біздің қолдауымызбен жазғы демалыста «Жастар – Отанға» жобасы арқылы қаланы көгалдандыру жұмысына қатысты. Осы арқылы тұрғындардың мәдениетін көтеріп қана қоймай, жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, еңбек етуге баулудамыз. Осындай бағдарламалар арқылы біз ұлтын сүйген ұл-қыз тәрбиелеуге үлес қосудамыз. Мұндай игі істер әрі қарай жалғасын таба беретін болады, – деген Б.Шыңғысов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу ең үлкен міндет екендігін атап айтты.

Биылғы көмек сұрап, өтініш білдірген 15 отбасынан елу бала бұл күні қуанышқа бөленді. Көп балалы отбасының асырушылары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етеді, әрі «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Әр баласы 35 мың теңге көлемінде киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жүгі жеңілдеген ата-аналар алғыс айтып, разы көңіл білдірді.

Мейрамгүл АЛПЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.