Конституция – еліміздің негізгі заңы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің басты заңы, барлық заңдардың негізгі материалдық қайнар көзі. Тарихи тұрғыдан алғанда қысқа уақыт ішінде қолданыстағы Ата Заң негізінде еліміздің нормативтік-құқықтық базасы жасалып, адамдардың санасының өзгеруіне, нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуына септігін тигізді.

Конституциямыз Республиканың тәуелсіздігін баянды етуге шын мәнінде нақты негіз қалады. Осы жылдар ішінде біз аумақтық тұтастығымызды, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтап, биліктің озық үлгідегі институттарын құра алдық және оны нығайтуға қол жеткіздік.

Қазақстан Республикасы Конституциясы халық үшін жазылған. Адам құқығы мен бостандықтарын күшейту, ата-баба қағида-
ережелерін жаңғырту – бүгінгі күннің негізгі талабы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне сәйкес, Қазақстан халқы біртұтас биліктің субъектісі болып табылады.

Адамзаттың бүкіл жұрт таныған құндылықтарын асқақтатумен қатар, қоғамның рухани деңгейін арттыра отырып, экономикалық және саяси тұрақтылық жүйесі орныққан тәуелсіз еліміздің Ата Заңы – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық, саяси кепіл-
діктерін одан әрі дамытудың тиімді құралдарын жасау жөніндегі ұзақ мерзімдік іс-қимыл актісі екенін түсінудің маңызы зор.

С.БАЙТУГАЕВА,
бас маман-сот мәжілісінің
хатшысы.

Комментарии закрыты.