Балаларды мектепке даярлайық!

Жақында «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының ғимаратында «Балаларды мектепке даярлау» қайырымдылық акциясы аясында айшықты шара өтті. Мұнда партия фракциясының жетекшісі, фракция мүшесі, депутат Қайрат Балмағамбетов көпбалалы отбасыға жаңа оқу жылы басталуына орай ақшалай сертификат табыстады.

Жалпы бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық ретінде қолдау көрсету болып табылады. Осы орайда депутат Қ.Балмағамбетов 7 балалы анаға әр баласына он бес мың теңгенің сертификатын табыстап, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Ал өз кезегінде балалар алғыс білдірді.

Айдана СӘУЛЕБЕКОВА.

Комментарии закрыты.