Үш егіз, бір үшем мектепке келді

1 қыркүйек – Білім күні! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Осы күні кең байтақ еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарымен бірге қаламыздағы №16 жалпы орта білім беру мектебінде де алғашқы қоңырау соғылып, үлкен-кішінің жүрегін тербеді.

Ең бастысы, бұл күні аталмыш мектептің табалдырығын үш егіз, бір үшем үлкен үмітпен аттады. Алғашқы қоңырау соғу құрметіне де осы бүлдіршіндер – Омар мен Осман Мұхтар, Әділ мен Әліби Кенесары, Айман мен Шолпан Омарова және Нұрсұлтан, Бексұлтан, Маржан Байғара ие болды. Оларды 11 сынып оқушылары Нұрлыбек Тұрсынбеков, Жасмин Коккозова және Айжан Исаева жетелеп жүрді. Орайы келгенде айта кетейік, биыл мектепке 142 бүлдіршін келді.

Білім күніне арналған салтанатты жиын «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өтті. Жаңа 2019-2020 оқу жылы Жастар жылы, Еріктілер жылы, Кітап жылы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мен Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдығы секілді атаулы оқиғаларға толы болмақ.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.