Сапалы қызмет – басты міндет

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында басымдықтардың бірі ретінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын арттыру мақсатында бірнеше шараларды жүргізу қажеттігін мəлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес – жаңғыртудың басты мүддесі болғандықтан, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры болып табылатындығын атап өтуі бізге, орталықтар қызметкерлеріне, ерекше жауапкершілік жүктейді.

Жолдауға сай негізгі міндеттері – тұрғындарға уақытылы жəне сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету , сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар, төрешілдік, сөзбұйдалық жəне өзге де əкімшілік кедергілердің көрінуін жою үшін жағдай жасау болып табылатын халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарамағына жаңадан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куəлігін беру қызметтері жүктелмек, сонымен қатар, 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтардың электронды түрде не осы орталықтардан алуына қол жеткізуіміз қажет.

Əрине, бұл жағдай Елбасы атап көрсеткендей, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын қажет етеді. Сондықтан оған қызығушылықты əр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру керек екендігін жақсы түсінеміз.

Ескере кететін жайт, бүгінгі күні тұрғындар мемлекеттік қызметтерді тек қана Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ғана емес, ғаламтордан «электрондық үкімет» порталы арқылы да ала алады. Осыған орай да жеке жəне заңды тұлғалар электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеттілігін сезінуде.

Жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу бағыты бойынша анықтамалар қоғамдық қол жетімділік пунктінің құралы арқылы ұсынылуда, сондықтан мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада үзіліссіз көрсетуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

2012 жылдың аяғына дейін азаматтарды тіркеу кітаптары өз күштерін жояды, азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуден шығару жүргізілмейді, тек қана азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу ғана жүргізілетін болады. Мəселен, əскери міндетті азамат тұрғылықты мекен-жайын басқа қалаға ауыстыратын болса, ол жергілікті əскери комиссариаттан жəне тұрғылықты жерінен есептен шықпай-ақ, бірден тұратын мекен-жайда орналасқан ХҚКО-ға (халыққа қызмет көрсету орталығы) барып тіркеледі.

2013 жылдан бастап «ХҚКО2.0» компьютерлік бағдарламасы өз қызметін бастайды.

2013 жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлікті тіркеу мəселелері «Е-Нотариат» бағдарламасы арқылы жүзеге асатын болады.

Мысалға, жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін нотариус электронды түрде Əділет Министрлігінің территориалдық органдарына мəлімет жібереді, құжаттар тікелей электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеледі. Бұл тұрғындар уақытын үнемдеуге септігін тигізіп, əкімшілік кедергілерді қысқартады.

Қорыта айтқанда, Жолдауда нақтыланған міндеттер халыққа қызмет көрсету сапасын көтеріп, оңтайландыру мақсатында бағытталған іс-шаралар деп қабылдаймыз.

Дастан Төрегельдин, Сəтбаев қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы.

Комментарии закрыты.