Қазақстанның киелі жерлерін арала

Қазақстан Республикасының саяхаттайтын жерлері көп десе де болады. Соның бірі – Ұлытау ауданы.

Ұлытаудың табиғаты өте керемет, көзің тоймайды, суреттен көргенше барып көрген мың есе артық. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген қазақ атам. Сондықтан, сіздерге басқа елге барып демалғанша өзіміздің ұлт ұясы – Ұлытауға баруға кеңес беремін.

Жақында Ұлытауда «Jezkiik» ІІ Халықаралық фестивалі өтті. Бұл фестивальға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі арнайы келді. Фестивальда қазақ халқының ежелден келе жатқан ақ орда – кигіз үйлері құрылды.

Сондай-ақ, қазақ халқының өю-өрнектері, ат жарысы, ұлттық билері, салт-дәстүрі, қоңақжайлылығы көрсетілді. Осы арқылы Қазақстан туризмінің дамуына елеулі үлес қосты.

Құрметті қазақстандықтар, «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» демекші, шетелдерде демалғанша өзіміздің киелі Қазақстанымызда демалғанымыз дұрыс.

Еркеназ ӘБДІРӘСІЛ.

Комментарии закрыты.