«Денсаулық фестивалі». Мол мүмкіндіктер

Өткен сенбіде қаламызда дәстүрлі «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, саламатты өмір салтын ұстануға аудару. Фестиваль аясында азаматтар тегін медициналық тексеруден өтіп, мектеп оқушылары мен студенттер спорттық жарыстарға қатысып белсенділік танытты.

Мерекелік шара «Денсаулық сандарына жет» ұранымен басталды. Кеншілер алаңында №4 мектеп-лицейі мұғалімдерінің қатысуымен сергітетін жаттығу өтті. Ал, №27 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары мерекелік бағдарламаны флешмобпен жалғастырды. Акцияға медицина саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары, ата-аналар, студенттер және белсенді өмірлік ұстанымы бар тұрғындар қатысты.

Мәні зор денсаулық фестивалі шарасында тұрғындар тек мерекелік көңіл-күйге бөленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар гир көтеру, арқан тартыс, армрестлинг және тағы да басқа спорттық сайыстарға түсіп, өздерінің қай деңгейдегі спортшылар қатарына жататындығын анықтауға мол мүмкіндік алды. Спорттық сайыстарға қатысқан жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Денсаулық қалашығы» жұмыс істеді. Онда медицина қызметкерлерінен тегін кеңес алып, қандағы қант, холестерин деңгейін, артериялық кан қысымын, бой мен салмақты тексертіп, флюорографиядан өтуге, АИТВ инфекциясына және ЭКГ өтуге мүмкіндіктер болды. Дәрігерлер келушілерге салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестерін беріп, денсаулықты сақтау әр адамның міндеті екенін жеткізді.

Айдана СӘУЛЕБЕКОВА.
Суреттерді түсірген Н.Қонысбай.

Комментарии закрыты.