Саяси кеңес отырысы өтті

Қала әкімі Асқар Ыдырысовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алқалы жиынға партия активі, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жыинда 2019 жылдың 21 тамызында өткізілген партияның кеңейтілген Саяси кеңес отырысында қабылданған партия жұмысын қайта жандандырудың негізгі бағыттары талқыланды. Отырыста «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының қызметін жаңғырту бағытындағы жұмыстары туралы қалалық партия фракциясының жетекшісі Қайрат Балмағамбетовтың, қазіргі жастардың келбеті туралы қоғамдық кеңестің төрағасы Марал Мәдиеваның баяндамалары тыңдалды. Саяси кеңес отырысының соңында қала әкімі Асқар Ыдырысов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, Жолдаудағы жүзеге асырылатын негізгі бағыттарын айтты. Сондай-ақ, Жолдаудағы алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бірлесіп жұмыс атқарылуы тиіс екендігін атап айтты.

Айдана Маратқызы.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.