«ҚАЛҚАННЫҢ» берер тағлымы

Ауған жерінен Кеңес əскерлерінің шығарылғанына 23 жыл толуына орай №27 орта мектептің қабырғасында «Қалқан» əскери-патриоттық ойыны өтті. Ойынға қаламыздың барлық жалпы білім беретін мекемелерінен 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сəтбаев қаласының білім, денешынықтыру жəне спорт бөлімінің, «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен ойын негізгі 2 кезеңнен тұрды.

С.Сейфуллин атындағы гимназия, III орынға №14 орта мектебі ие болды. Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені С.Сейфуллин атындағы гимназияның дружинасы, I орынды №27 орта мектебі иеленді. II орынды Абай атындағы №4 мектеп-лицейі мен №14 орта мектептің дружиналары, III орынды №15 орта мектебі мен №2 орта мектебінің дружиналары өзара бөлісті. Жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан құнды сыйлықтар мен мадақтама грамоталарымен марапатталды. Ойын соңында сөз алған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы, «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Д.Тулегенов мұндай ойындардың балалар мен жасөспірімдерге берер тағылымына, жауынгер-интернационалистердің өскелең ұрпақты тəрбиелеудегі орны мен мəніне тоқталды.

Жылда дəстүрге айналған «Қалқан» əскери-патриоттық ойынының биылғы өту барысы мен деңгейі өсіп, өзінің мəнін жоғарылатты.

Біріншісі – «Ауған қасіреті» тақырыбындағы қабырға газеттері байқауы, екіншісі – композициялық қойылым. Сайыс басталмас бұрын жеребе тартылып, соған сəйкес мектептердегі «Болашақ» дружиналарының дайындаған композициялық қойылымдары көрсетілді.

Қойылымдар қазылар алқасы тарапынан тақырыптың ашылуы, мəліметті ұсыну түрі, қатысушылардың киімі, көрсетілген жанрдың əралуандығы жəне қойылымның ұзақтығы секілді критерийлер бойынша өз бағасын алып жатты. Əділқазы мүшелері құрамында білім, денешынықтыру жəне спорт бөлімінің өкілдері мен жауынгер-интернационалистер болды.

Қабырға газеттері байқауының қорытындысы бойынша жүлделі I орынға №27 орта мектебі, II орынға.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.