Қоғамдық мүддені саудаға салуға қарсымыз!

Казіргі таңда күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Әлемдік мәселені жеңу үшін еліміз неше түрлі игі шаралар өткізуде.

Елдің болашағы жастардың қолында. Сондықтан, ең бірінші жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін үлкен кесел екенін түсіндіруіміз керек. Сонда жастар сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Осы мақсатта Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 10 «А» сыныбында «Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз!» атты ашық сабақ өтті. Оқушылар осы сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін таратуға тұрарлық идеяларымен бөлісті. TEDx форматында өткен ашық сабақта оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, өз қөзқарастарын білдірді.

Жарқын болашаққа ұмтылу, гүлденген әлемде өмір сүру барлығымыздың ойымызда бар шығар?! Олай болса ел болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, сыбайлас жемқорлықтан құтыламыз!

Сатжан ЕРАСЫЛ,
10 «Ә» сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.