Қайырымы мол жандар

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілдік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Арамызда осындай жүрегі кең, ниеті таза, тілегі жылы азаматтар жетерлік. Бұған біз биылғы 3 шілдеден бастау алған республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында тағы бір рет көз жеткіздік.

Баршамызға мәлім, 3 шілде – 3 қыркүйек айлары аралығында барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық республикалық акциясы жарияланған болатын. Оған біздің №19 мектеп-лицейі ұжымы мен ата-аналары да атсалысуда. Атап айтсақ, қаламыздың белгілі кәсіпкерлері: «Универсам», «Нарша», «Тұрар», «Дом одежды», «nigora.shop.sat», «nurkids-satpaev» сауда орталықтары, «Нұр» кеңсе тауарлары орталығы, сондай-ақ, ата-аналар, мұғалімдер басқа да жомарт жандар оқушыларды мектепке толықтай қамтамасыз етті. Қаржылай болсын, заттай болсын барын мұқтаж жандармен бөлісті. Оқу құралдары, киім-кешектер, азық-түлік тағы басқа керекті заттармен көмектесті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, керек кезде көмек қолын созған жандар сауапты іске қол ұрып қана қоймай, сонымен қатар, басқаларға да үлгі боларлық жомарттық жасады.

С.БАЛТАБАЕВА,
№19 мектеп-лицейдің  әлеуметтік педагогі.

Комментарии закрыты.