«Жастар – елдің кемел болашағы»

Осындай атаумен қала күнін жастар ресурстық орталығы мерекеледі. Орталық алдындағы алаңда кешкілік концерт ұйымдастырылып, көңіл сергітер ойындар ойнатылды. Қаланың күн санап көркейіп, келешегінің кемел болуы жастардың ықпалымен жүзеге асады. Жастар әр салада еңбек етіп, шаһардың әлеуметттік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен көңілді кеш қаламыздың туған күніне орайластырылды. Әуезді әндер айтылып, интеллектуалды ойындар өткізілді. Белсенді жастардың басқосуы коворкинг орталығындағы би кешімен түйінделді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.