Ойларын ортаға салды

Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінде «Сыйынар ем Ана деген тəңірге ….» атты тəрбие сағаты өтті. Тəрбие сағатының мақсаты – оқушы бойында ананы сыйлауға, құрметтеуге, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тəрбиелеу, сол арқылы үлкенді құрметтеуге, адамгершілік қасиетін ұялатуға, əсемдікті сүюге баулу.

Тəрбие сағатына мектеп оқушылары жəне 4-5 баласы бар жас аналар шақырылып, «балаңызды қандай əдіспен тəрбиелейсіз?», «балаңызбен бірлесіп қандай істер атқарасыз?» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. «Ана – өмір, əйел – бақыт, ару – жыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, өлкетану бөлімінің кітапханашысы Б.Абдрахманова шолу жасады. Тəрбие сағатында жас ана Гүлжахан Төлегенқызы «Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың» деген тақырыпта сөз қозғаса, Қаламқас Ғайыпбекқызы ана туралы əн орындап, №16 мектептің 9 сынып оқушылары ана туралы өлеңдер оқып берді.

Тəрбие сағаты атына сай өтті.

Г.Мусинова.

Комментарии закрыты.