Жаңғырудың жаңа жолы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіріп жүрген ақпараттық-насихат тобының жұмысы жалғасуда.

Сейсенбі күні ақпараттық-насихат тобының мүшелері С.Сейфуллин атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Ақнұр Танабаева мен № 16 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Қиянова «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті.

З.Қиянова Жолдауда көрсетілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының он бағыты бойынша алдағы уақытта қандай жұмыстардың атқарылатынын баяндады.

Кездесу барысында колледж ұжымы да өз ойларын ортаға салды. Атап айтар болсақ, еңбек ардагері, білім ордасының ардагер ұстазы Сейілбек Қожахметов Жолдауда көтерілген тұрғын үй мәселесі жөнінде, ал, Гүлмира Кәкімжанова Жезқазған аймағын дамыту мәселесі Елбасы Жолдауында көтерілуі аймағымыздың екінші тынысының ашылуына мол мүмкіндік болмақ дей келе, Президент қойған ортақ міндет жолында біріге жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Ұлт Көшбасшысының биылғы Жолдауына колледж ұжымы жаңғырудың жаңа жолы деген оң бағаларын берді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.