Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары, қала қонақтары!

Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз мейрамы – бейбітшілік пен ізгілік, жарқын үміт сезімдерін арқалаған данышпан да дархан мереке. Күн мен түн теңелетін көктемнің бұл күні ежелден жыл басы болып саналған. Тіршілік атаулыға жан бітіретін Наурыз әр адамның жақсылыққа, болашаққа деген сенімін күшейтеді. Ата-бабамыз Наурыздың мән-мағынасын жанашырлық, бауырмалдық, көмек қолын беру сияқты адами қасиеттермен байланыстырған.

Наурыз – Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан халықтар бірлігінің, олардың бір-бірін өзара рухани байыту факторына айналып, қоғамдағы тыныштық пен келісімді нығайтуға өз септігін тигізуде. Сондықтан бұл халықтық мерекені барша жұртшылық дәстүрлі түрде атап өтеді.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іргетасы берік етіп қаланған қоғамымыздағы достық пен келісімнің, өзара түсіністіктіктің арқасында биылғы көктемді болашаққа деген үлкен сеніммен қарсы алудамыз. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бүгінгі күні еліміз халық бірлігінің арқасында еңселі елге айналғандығына ерекше мән бере отырып, барша қазақстандықтарды күш-жігерлерін жасампаздық арнасына тоғыстыруға шақырды. Біз сіздердің әрқайсыңыздың еліміздің және сүйікті қаламыздың одан әрі табысты дамуына бағытталған үлкен міндеттерді жүзеге асыруда елеулі үлес қосатындарыңызға кәміл сенімдіміз.

Қымбатты жерлестер!

Ұлыстың ұлы күнінде шуағы мен жылуын шашқан көктемнің нұрлы күні елімізге және қаламызға құт-береке, молшылық әкелсін! Әр шаңыраққа ізгілік, жақсылық, ырыс, бірлік және амандық сыйласын! Қашанда дендеріңіз сау болып, ел игілігіне табысты еңбек ете берулеріңізге тілектеспіз!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д. Ахметов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.