Жаңа әліпби және термин мәселесі

Өткен аптада «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» оқу-әдістемелік кабинетінде «Жаңа әліпби және термин мәселесі» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Семинардың мақсаты жаңа әліпби негізінде жасалған емле мен пунктуациялық ережелерге қатысты мәселелерді талқылау және сараптау болды. Семинарға мектеп ұстаздары, дін орталығының мамандары, кітапханашылар, мәдениет, емхана қызметкерлері, тіл мамандары қатысты.

Шара барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мадинат Балтина жаңа емле, ережелер туралы, әліпбиде жоқ шет тілдегі сөздерді жазу ерекшеліктері, іс қағаздарын рәсімдеу, термин ісінде қалай жазылуы керек екендігін айтып, тренинг жұмысын жүргізді.

Айдана Саулебекова.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.