Келелі кеңес

Сәтбаев қаласының Достық үйінде Азаматтық бастамалар күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Жиынға «Қамқор» әлеуметтік көмек орталығы директорының орынбасары Әсем Қонаева, Меценаттар клубының мүшесі Меруерт Жагипарова, қоғамдық одақ кеңесінің төрағасы Оксана Жук, Аналар кеңесінің төрағасы Анжела Кондратова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Алмагүл Бисариева, Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Перизат Қадырова қатысты.

Шараға арнайы келген қала тұрғындары мамандардан әлеуметтік көмек, көп балалы аналарға көмек жөнінде, зейнетақы және тағы да басқа сұрақтарға жауап алды. Бұл күні қала тұрғындарына өмір сапасын арттыру үшін өздерінің идеялары мен ұсыныстарын бөлісе алуға мүмкіндік болды.

Комментарии закрыты.