Құрметті ұстаздар! Білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін ол ең алдымен – мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз.

Сіздерге қоғам алдында Қазақстанның болашақ азаматтарын оқыту, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер жүктеліп отыр. Еліміздің болашағы үшін жасаған қызметтеріңіз атап айтуға тұрарлық.

Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Ел экономикасын дамыту стратегиясын жүзеге асыру жас ұрпақтың алған біліміне тікелей байланысты. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Тәуелсіз елдің іргесін қалайтын, мемлекетіміздің мақтанышы болатын жас ұрпақтың білім сапасына сенім артамыз.

Қажырлы еңбектеріңіз бен қоғам алдындағы міндеттеріңізді абыроймен атқарғандарыңыз үшін тағы да алғыс білдіреміз. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін. Зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, ұрпақ тәрбиелеу ісінде шығармашылық табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.