Болашаққа бағдар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылауға байланысты қалалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері — қалалық мәслихаттың депутаты А.Төлендина, салық басқармасының бөлім бастығы Б.Баекенова, №1 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі С.Кенжегозина, №16 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Тұрғанбаева қаламыздағы Жезқазған қалалық жүйке аурулары диспансерінің ұжымымен кездесті.

Баяндамашылар Жолдаудағы он бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. А.Төлендина биылғы жылы қаланы дамыту бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстардың бір қатарын тілге тиек етті.

Ұжымның атынан диспансер басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Т.Рощупкина өз ойын жеткізді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев әр жылғы Жолдауларында да, биылғы Жолдауында да сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмыстарын үзбей атқаруды тапсырып келеді. Жолдауда көтерілген қоғамдағы келеңсіз қылықты жою мақсатында ақпараттық-насихат тобы Жезқазған кентіндегі «Бөбек» санаториінде болып, Жезқазған кенті әкімдігі аппаратының 2012 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша іс-шаралар» жоспарына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалымен бірігіп, қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоғамдық тыңдауды Жезқазған кенті әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Шахтаев жүргізді. Дүниежүзілік деңгейдегі мәселеге айналған түйткілді тақырып төңірегінде қалалық мәслихаттың депутаты И.Бралин, кент әкімдігі аппаратының бас маманы Л.Әлкебаева өз ойларымен бөлісті.

Б.АЙТӨРЕҰЛЫ.

Комментарии закрыты.