Еңбектері бағаланды

Жақында өткен кезекті аппараттық жиын жақсы жаңалықпен басталды. Елбасының Жарлығымен қаланың дамуы мен өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.

Қала басшысы Батырлан Ахметов, қала әкімінің орынбасары Қайрат Шайжановқа, қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Қарлығаш Махамбетоваға, «Тазалық» ЖШС бас инженері Шыңғыс Баймұхановқа мерекелік медальдарды салтанатты түрде тапсырды. Әкім еңбектері бағаланған азаматтардың алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Марапаттау рәсімінен кейін, аппараттық жиын жалғасын тауып, мемлекеттік мекемелердің, өндіріс орындарының басшылары мен өкілдері атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасап, тапсырмалар алды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.