Жедел-алдын алу іс-шарасы

21-23 қараша аралығында кеншілер қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Басты мақсат жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу. Полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге болған рейд жұмыстарына бұл жолы қалалық мәслихат депутаттары да жұмылдырылды. Үш күн бойы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері кеншілер қаласындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында рейдтер жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың әр түрлі түрлерін анықтады. Мәселен, бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өткені, яғни ҚК-тің 599 бабының 1 бөлімі бойынша 2 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартса, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1 тізгінші жауапқа тартылды.

Рейд анықтағандай, жаяу жүргіншлер де жол жүру ережелерін бұзған. Олардың саны – 3. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтың басқа да баптары бойынша 8 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Орайы келгенде айта кетейік, жыл басынан бері жол қауіпсіздігі ережесін бұзған 2915 тұлға тіркеліп, әкімшілік жауапқа тартылған.

Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында мас күйінде жүрген азаматтар көшелерден және қоғамдық орындардан «уақытша бейімдеу және уытсыздандыру» орталығына жеткізілді. Мақсат – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаладағы апаттылық деңгейін төмендету үшін тек көлік жүргізушілері ғана емес, жол қозғалысына қатысы бар басқа да азаматтар жол жүру ережесі мен тәртібін қатаң сақтауы тиіс.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.