Сүбелі еңбекке құрмет

Сейсенбі күні өткен кезекті аппараттық жиын қаланың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған Гүлсім Пазылқызы Есмұрзаеваны зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімінен басталды.

Қала әкімі Батырлан Ахметов Гүлсім Пазылқызының мемлекеттік қызметтегі 30 жылдық еңбегіне құрмет көрсетіп, сый-сияпат тапсырды.

Г.Есмұрзаева 1985 жылы еңбек жолын қалалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы болып бастап, осы комиссияның басшысы, кейін Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкім аппаратының жетекшісі қызыметіне дейін көтерілді. Соңғы бір жарым жылда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тізгінін ұстады. Өзінің тәжірибесінің арқасында Гүлсім Пазылқызы қай істің болмасын асығын алшысынан түсіріп, білікті басшы атанды. Қызметке келген жас мамандардың талайының томағасын сыпырды. Өзіне құрмет көрсеткен жиын барысында мерейлі жастың иесі бірге еңбек еткен әріптестеріне ризашылығын білдіріп, мемлекеттік қызметке, мәдениет саласына енді ғана араласып жатқан жас мамандардың жұмысына сәттілік тіледі.

Аппараттық жиын одан әрі жалғасып, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім, кәсіпорын басшылары бір апта ішінде атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Жиын соңында қала басшысы жұмысты босаңсытпауды тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.