Қымбатты жерлестер! Құрметті қала тұрғындары!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәл осы күні – 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлауда елдің Тұңғыш Президенті сайланды. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау, жас, күшті, қуатты, мемлекет – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамыту мен орнатудың жаңа кезеңін ашатын мереке. Сондықтан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Ұлт Көшбасшысының гүлдену мен даму жолындағы халықпен бірлігін білдіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістерге, тұрақты дамып келе жатқан экономикаға, ғылым мен мәдениетке қол жеткізген, қалыптасқан этносаралық келісімге ие мемлекет болды. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін! Баршаңызға осы мереке қарсаңында шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, әр отбасыға бейбітшілік пен бірлік, егеменді мемлекетіміздің одан әрі гүлденуі жолында жұмыста табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.